Құлақ сырғалығының төменгі ұшынан ең басты жақ бұлшық етін қолмен басып көруге болады. Содан кейін шықшыт безі орналасады. Бұл ең үлкен сілекей безі деп есептелінеді. Бұл бездің сілекей құрамында ас қорытуға қажетті ферменттер мен тұздар түзіледі. Шықшыт безінен сөл жіңішке өзектер арқылы ағады, оның аузы жоғарғы жақта орналасқан екінші үлкен азу тістің жанында болады. Бүкіл ағзадағы түзілетін сөлдің жартысынан жуығы осы шықшыт безінде түзіледі. Бұл — шамамен тәулігіне литрдің төрттен үш бөлігіндей.
Қалқанша без
Ер адамдарда мойынның алдыңғы бетіндегі тері астынан, көмейді қалқан сияқты жауып жататын, қалқанша тәрізді шеміршекті қолмен жеңіл басып көруге болады. Осы шеміршекті халық аузында қыдық немесе жұтқыншақ деп атайды. Шеміршектің төменгі жиегінде, көмейдің екі жағында қалқанша безі орналасады. Ол бір-бірімен қылта арқылы байланысқан екі бөліктен тұрады. Пішіні таға тәрізді, ересек адамда оның салмағы 25-30 грамм. Қалқанша безде, адам ағзасында зат алмасуды реттейтін, тироксин гормоны түзіледі. Егер қалқанша бездің қызметі күшейіп, гормон көп бөлінсе, онда ағзада зат алмасу процесі қалыпты жағдайдан күшейеді. Соның салдарынан ағза тиреотоксикоз ауруына шалдығады.
Ал қалқанша бездің жұмысы әлсірегенде, баланың бойы өспей қалады және ақыл-ойының дамуы төмендейді. Қалқанша безде гормонның түзілуіне йод шешуші қызмет атқарады. Бұл минералды зат адам ағзасына қоректік заттармен және су арқылы келеді. Егер ағзада ұзақ уақыт йод жетіспесе, қалқанша бездің көлемі ұлғайып, адам бұғақ ауруына шалдығады.
Ал қалқанша бездің жұмысы әлсірегенде, баланың бойы өспей қалады және ақыл-ойының дамуы төмендейді. Қалқанша безде гормонның түзілуіне йод шешуші қызмет атқарады. Бұл минералды зат адам ағзасына қоректік заттармен және су арқылы келеді. Егер ағзада ұзақ уақыт йод жетіспесе, қалқанша бездің көлемі ұлғайып, адам бұғақ ауруына шалдығады.
Бадамша безі
Бадамша, миндалины — мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқан бездер. Бадамша лимфоидты тіндерден құралады, иммундық жүйеге жатады және организмді қоршаған ортаның зиянды микробтарынан қорғайды. Сәбилерде, жасөспірімдерде Бадамша жақсы қорғаныс қызметін атқарады. Ересек адамдарда лимфоид тіндерінің бірте-бірте дәнекер тіндеріне айналуына байланысты Бадамшаның қорғаушы қасиеттері азаяды. Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік Бадамшалары болып ажыратылады. Таңдай Бадамшасы жұп болады, көмейдің екі бүйірінде, ал тіл Бадамшасы сыңар болады, тілдің түбірінде, шырышты қабық астында орналасады.Жұтқыншақ Бадамшасы біреу, жұтқыншақтың жоғ. және артқы қабырғаларының аралығында жатады, ал бір жұп түтіктік Бадамшалар жұтқыншақтың мұрын бөлігінде және есту түтігінің жұтқыншаққа ашылатын тесігін қоршай орналасады. Бадамша асқынғанда жұтыну, тыныс алу қиындайды. Бадамшаның үлкейіп қабынуы баспа, аденоиджұқпалы ауруларына шалдықтырады.