25
²⁹«ӨКМ операторы» ЖШС, http://www.recycle.kz
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСЫЛ
ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ТУРАЛЫ
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫНА
ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ
АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ
Жасыл Экономикаға көшу үдерісіне қоғамның қатысу суреті ала-
құла әрі біртекті емес. Бір жағынан, қоғам мен азаматтық қоғам
ұйымдары тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда болған көптеген
экологиялық реформалардың жылжытушы күші, алғашқы «моторы»
болды. Көптеген коммерциялық емес ұйымдар адам әрекетін
жүргізудің «жасыл» жолдары мен күнделікті «қоңыр» технологияның
зияны туралы ақпарат таратуға бағытталған жүздеген ірі немесе шағын
жобаларды жүзеге асырды.
Осы жобалар барысында қоғамдық экологтар мемлекетпен
диалог құра бастады, осы арқылы жергілікті халық арасында тұрақты
даму идеялары мен экологиялық ақпарат таратылып отырды.
Жүздеген жарияланған мақалалар мен өткізілген оқу семинар-
лары, бірінші орнатылған жел генераторлары, күн батареялары, биогаз
қондырғылары мен су және энергия сақтауға байланысты көрсетілімдік
26
жобалар – осының барлығы, сөз жоқ, өз жемісін берді, - нәтижесінде
Жасыл Экономика елдің стратегиялық бағыты ретінде танылды. Әрине,
кез-келген үлкен іс кемшілік пен қателіксіз болмайды, Қазақстанның
Орхусс конвенциясын жүзеге асыруда азаматтардың экологиялық
ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен экологиялық мәселелер бойынша
шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысуы, экологиялық мәселелер
бойынша сот әділдігіне қол жеткізуде³⁰ де кемшіліктер болуы мүмкін.
Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы алдында елдің Жасыл Экономика-
ға көшуіне байланысты көптеген кең ауқымды істер тұр. Біздің
ойымызша, қоғамның жігерін төмендегі бірнеше басты міндеттерге
жұмылдыру қажет:
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін
орындау үшін азаматтардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы
мен экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық
қатысу, экологиялық мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуді
жетілдіру үшін мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастық орнату.
Мемлекеттік органдарды, бизнес пен қоғамның барлық
қабаттарын Жасыл Экономиканың мәні туралы, оның әдістері мен
жолдары, артықшылықтары, болашағы мен басқа елдерде жүзеге
асырудың сәтті мысалдары туралы ақпараттық материалдар жариялау,
тренингтер мен семинарлар өткізу, жаңа «жасыл» технологиялар
туралы көрсетілім жобаларды жүзеге асыру арқылы ақпараттандыру.
Қоғамдық санада мемлекет пен бизнес тарапынан табиғат
қорғау шараларын қаржыландыру көлемі, қоршаған ортаға ластауыш-
тар шығарғаны үшін жиналатын эмиссия сомасына пропорционалды
түрде болу қажеттілігін қалыптастыру (оның ішінде, бизнестің
«экологиялық төлемдерін» ластауыштарды шығаруды төмендету
шараларына жұмсауға рұқсат беру арқылы).
Экологиялық рұқсаттама алуда қоғамдық тыңдалымдар
кезінде кәсіпорындардың Жасыл Экономика технологияларын
пайдалануын талқылау.
Азаматтық қоғамды ұйымдастыру белсенділігі мен әлеуетіне,
табиғат қорғау әрекетіне жастарды, оқу орындарының оқушыларын
27
³⁰Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және
қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы
конвенцияны бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жыл 23 қазан N 92-II
Заңы, http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000092_
тарту, оның ішінде қор сақтау, энергия тиімділігі, табиғат ресурстарын
ұтымды пайдалану мен табиғатты тиімді қорғау идеяларын алға
жылжыту.
Нормативті-құқықтық құжаттарды талқылау мен қарастыру,
оларды дайындау істеріне азаматтарды кеңінен тарту үшін азаматтық
қоғамды қолдау және оның әлеуетін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |