Безымянный-1



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата06.02.2023
өлшемі3,84 Mb.
#167577
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жасыл экономика

Жасыл Экономикаға 
кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр:
2013-2020 жж. – қорларды пайдалануды оптимизациялау және 
табиғат қорғау әрекетін арттыру, «жасыл» инфрақұрылым құру;
2020-2030 жж. – құрылған «жасыл» инфрақұрылым негізінде 
суды үнемді пайдалануға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру 
басталады, қалпына келтірілетін энергетикалық технологияларды 
кеңінен енгізу және дамытуды көтермелеу және ынталандыру, 
энергияның жоғары тиімділігі стандарттарына негізделген 
құрылыстарды салу;
2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғат ресурстарын 
қалпына келтіріп, тұрақтылығын сақтай алатын жағдайда ғана пайдала-
нуды талап ететін «үшінші өндірістік революция» ұстанымдарына 
көшуі²³.
Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстандағы «жасыл» реформа-
лау көп жылдан бері жүргізілгенімен, аса маңызды өзгерістер 2016 
жылы, экология мен оған қатысты мәселелерді реттейтін төмендегі 
келтірілген заңдар қабылданған кезде енгізілді:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңы, 28 сәуір 2016 ж. 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 8 сәуір 
2016 ж.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы, 29 наурыз 2016 ж.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері 
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан 
Республикасы Заңы, 12 қаңтар 2016 ж.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
Қазақстан Республикасының экология мен жер қойнауын пайдалану 
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Заңы, 25 сәуір 2016 жыл № 505-V.
23


Әрине, шағын жарияланым аясында заңнамадағы болған 
«жасыл» өзгерістердің барлығын санамалап шығу мүмкін емес. Соңғы 
жылдары жасалынған заңнамалық жаңартулардың ең жарқын 
үлгілеріне ғана тоқталып өтеміз:

Электр шығарудың жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін 
энергия көздері өндіретін энергия үлесінің мақсатты көрсеткіштері 
енгізілді. 

Қ
алпына келтірілетін – жел, күн, биогаз бен шағын СЭС 
көмегімен шығарылған электр энергиясын сатып алу үшін ынталанды-
ратын «жасыл» тарифтер²⁷ ( бекітілген қолдау тарифтері, feed-in tarrif, 
Engl.) енгізу; жыл сайын ұлттық және шетел валютасы бағамының 
өзгеруіне сәйкес осындай ынталандыру тарифтерін индексациялау 
(импорттық компонент үлесінің жоғарылығынан баламалы энергетика-
ның бәсеке қабілеттілігін сақтау үшін); «жасыл» энергияны сатып алу 
үшін бірыңғай есеп-қаржы орталықтарын (ЕҚО) құру; қалпына 
келтірілетін энергия көздерін пайдаланып энергия өндіретін ұйымдар 
алдында кассалық алшақтық пен қарызды жауып отыру үшін ЕҚО 
жанынан сақтық қор құру; электр энергиясын тұтынатын жеке 
тұлғаларға ҚКЭК²⁸ қондырғыларын орнатуға жұмсаған шығынын өтеу; 
ҚКЭК қондырғыларын орнату үшін жер бөлу мен он іркіп ұстаудың 
нақтыланған тәртібін құру қарастырылды.

Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның 
компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру (4 экологиялық 
классқа сәйкес және одан жоғары, электржылжытқышты). 

Бұрын болмаған «су тұтынудың үлестік нормасы» ұғымын (су 
ресурстарын тиімді пайдалануды бақылаудың құралы) енгізу; «су 
шығынын есепке алуды, тасымалдаушы желілер мен тұтыну 
нүктелеріндегі су шығыны мен су объектілерінен су алу көлемін 
қысқарту мүмкіндігін есепке алуды ұйымдастыруды» жыл сайын 
сараптау бойынша талап енгізілді.

«Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» (ӨКМ) енгізілді, ол 
бойынша белгілі бір тауар түрін өндірушілер мен импорттаушылар 
(оның ішінде автомобильдер мен автомобиль шиналары, майлау мен 
24
²⁷https://ru.wikipedia.org/wiki/Зелёный_тариф 
²⁸Қалпына келтірілетін энергия көздері туралы тың деректер, Қазақстан, Салық 
және құқық департаменті, Делойт заңгерлік тобы, 28 June 2016, https://www2. 
deloitte.com/content/
d
am/Deloitte/kz/Documents/legal/LegalAlert/KZ_Legal_Alert_green_
 
energy_rus.pdf 


гидравликалық майлар және т.б) олардың тауарларын пайдалану 
кезінде пайда болатын қалдықтарды өңдеудің өзіндік жүйесін 
ұйымдастыруға міндетті немесе оларды қайта өңдеу үшін құрылған 
ӨКМ ұлттық операторының²⁹ есепшотына төлем аударуына болады, ал 
ол, өз кезегінде, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастырып, оның 
ішінде іріктеліп алынған қайта өңдеуші компаниялардың қызметін 
төлеп, лайықты технологиялық дамуды ынталандыру қажет. 

Мемлекеттік сатып алулар үшін «Қазақстан Республикасы 
аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан жасалынған 
тауарға сертификаттаудан өз еркімен өткен» тауарлары бар тауар 
қоюшы кәсіпкерлерге артықшылықтар енгізілген. 

Коммуналдық қалдықтар полигонына кейбір тұрмыстық қатты 
қалдықтарды – оның ішінде, сынабы бар шамдар мен құралдар, шыны 
сынықтары, қара және түсті металл сынықтары, қызмет етіп біткен 
автомобиль майлары мен сұйықтары, литий, қорғасын-қышқыл 
батареялар, оргтехника, пластмасса қалдықтары, қағаз бен картон 
қалдықтары, тұрмыстық техниканы қабылдауға тыйым салынған
коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау ұстанымы енгізілген; 
коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері мен оларды 
бөлек жинау міндеттемесі енгізілген; қалдықтарды қабылдап, 
тасымалдау және утилизациялаумен айналысатын ұйымдар үшін 
қалдықтармен жұмыс істеу саласы бойынша стандарттарды жасау мен 
оларды міндетті түрде сақтау талаптары енгізілді;

Шығарындыларды мемлекеттік тіркеуді қалыптастыру мен 
ластаушыларды қоршаған ортаға төгілуіне байланысты ірі өндіріс 
кәсіпорындарының эмиссиясы туралы қажеттілік енгізілді. Анықтықты 
қамтамасыз ету мақсатында регистр ашық қолжетімділікте 
орналастырылады.

Мардымсыз әсері бар ұсақ кәсіпорындар үшін қоршаған орта 
саласындағы рұқсаттама беру рәсімдері оңайлатылған (мерзімсіз 
экологиялық рұқсаттама, қоғамдық тың далымдарды өткізу 
қажеттілігінің жоқтығы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет