Экологиялық қорлардың тапшылығы адамзатты азық-түлікпен
(балық аулау, ауыл шаруашылығы, ауыз сумен жабдықтау, орман
шаруашылығы) қамтамасыз етудегі маңызды роль атқаратын және
кедейлердің тіршілік етуінің маңызды көзі болып табылатын экономика-
ның барлық секторларына терең әсер етеді. Экологиялық тапшылық пен
әлеуметтік әділетсіздік – «жасылдан» әлдеқайда алшақ экономиканың
негізгі анықтаушы белгілері.
Кейбір елдер экономика мен адамзат потенциалының жоғары даму
деңгейіне бұрынғы «жасыл емес» экономиканың үлгілерін пайдалану
арқылы қол жеткізді, алайда бұл көп жағдайларда табиғат қорларының
жұтауы, қоршаған орта сапасының төмендеуі, жинақталып жатқан
ластаушылар мен жылыжайлық газдардың шығарылуы есебінен жүзеге
асырылады. Бұл елдердің алдында жергілікті халықтың тіршілік ету
сапасын төмендетпеу арқылы тұрғындар санына келетін қоршаған ортаға
әсерін азайту мәселелері тұр.
Осындай ауыр зардаптарға соқтыратын экономиканың түсі қандай?
Мүмкін, сіздер аңғарған да шығарсыздар – мұндай экономика, тіпті БҰҰ
ресми құжаттарында да «қоңыр экономика» деп аталады¹². Бұл атау
әдеттегі экономиканың табиғат пен адамзат қорына тиімсіз қарауы
нәтижесінде осы қорлардың басым бөлігін қалдыққа айналдырып,
табиғаттың деградацияға ұшырауына жол бере отырып, саяси және
әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға әкеліп соқтыруына байланысты
аталды. Бұндай экономика мемлекет бюджетінің кәсіпорындардың
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін өтемақысына кеселді тәуелділігін
орнатқан, яғни «қоңыр экономикада» қоршаған орта көп ластанған сайын
мемлекет бюджетіне де ақша көбірек түседі немесе керісінше – өнеркәсіп
таза болған сайын, «экологиялық төлемдер» де азаяды.
Барлық әлемдегі жаңа экономикаға деген қызығушылықтың артуы,
бір жағынан, ортаның жұтауы мен қор тапшылығы салдарынан XXI ғасыр
басында жиілеп кеткен қақтығыстарға байланысты болса, екінші жағынан
– осындай қақтығыстарды шешуді «қоңыр емес» экономика арқылы
шешу мен алдын алудың көптеген мысалдарының пайда болуына
байланысты. Мұндай экономика жаңа ғылыми-инновациялық идеяларды
пайдаланып қана қоймай, қазірде бар қатерлерді материалдық әл-ауқат
үшін, бар проблемалардың жиналып көбейе беруі мен әлеуметтік
теңсіздік үшін төлемеуге болатын экономикалық үлгілерді де қолданады.
Қысқарта келе, Жасыл Экономика «қоңыр» экономика тудырған
проблемаларды шешуге және болашақта мұндай қателіктерге жол
бермеуге мүмкіндік беретін жол деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: