Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет39/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)
Презентация МЧС каз, Нугман история Казахстана каз (1)
бұрмаланған тарих
Ресейге тақты.
Алтын Орданы біріктірген Тоқтамыстың іс-әрекеті ұзаққа созылмады. 
Темірдің жасаған үш жорығы Жошы ұлысын (Алтын Орданы) түбегейлі 
шайқалтып жіберді. Қалалар қиратылды, керуен жолы бағытын өзгертті 
(оңтүстіктегі Темірдің иеліктері арқылы өтетін болды), экономикалық 
дағдарыс басталды. Осы соққыдан Алтын Орда айыға алмады, ХV ғасырдың 
бірінші жартысында жеке-жеке хандықтарға ыдырап бөлініп кетті. Алтын 
Орданың мұрагерлері ретінде – Қырым, Қазан, Астрахан және Өзбек 
хандықтары құралса, ал оның соңында - Ноғай Ордасы, Қазақ, Сібір, Хиуа 
хандықтары және Мәскеу (Орыс) мемлекеті құрылды. 
Алтынордалық аумақта басталған күйзеліс пен сергелдең заманы екі 
түстік (два полюса) орталықтарын жаратты: солтүстік орталығы Мәскеу 
болса, оңтүстіктегі орталық Қырым Хандығы болды. Пайда болған екі 
түстіктің күш-қуатына байланысты магнит тәрізді өзге хандықтардың 
әулеттілерін қызметке шақырып отырды. Алтын Орданың өкілдеріне Мәскеу 
мемлекеті Кашира, Серпухов, Звенгород, Юрьев-Подольский қалаларын 
үлестірсе, Ноғай Ордасынан шыққандарға Романов, ал Қазақ, Сібір және 
Қырым хандықтарынан шыққандарға Мещерский, Касимов қалаларын сыйға 
тартты. Ал Мәскеу мемлекеті міндетті түрде олардан әскери қызметті өтеу 
талабын қойды. Орыс мемлекетінің құрылымында атақты түрік мигранттары 
(қоныс аударғандар) жоғары «чин» лауазымын алып отырды. Әскерімен 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
келген сұлтандардың қосыны «қазақ» деп аталды. Аталған жаппай қозғалыс 
– осы кезеңге тән құбылыстың бірі еді.
Ұрым және тағы басқада әлемдік империялар сияқты түрік әлемі уақыт 
сынағынан өтcе де, оның соңғы шарықтауы - Жошы әулеті құрған Ұлық 
Ұлыс (Алтын Орда) болды. Мәдени өрісте этникалық тұтастанудың қалпын 
сақтай алмай, қоршап тұрған отырықшы империялардың қарсы шабуылынан 
торға түсіп, «бой көтеру» дәрменінен айырылып қалды. Айтылған себеп пен 
салдар бір елдің түрлі халықтарға айырылып бөлшектеніп кетуіне ықпал 
жасады. Осының нәтижесінде қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, 
қырым татарлары, түрікмендер, қарақалпақтар, ал 1881 жылы қытайға 
қосылуға мәжбүр болған ұйғырлар мен т.б. түрік тектес халықтар пайда 
болса да, құндылықтарын толық сақтап қалған дәстүрлі түсініктер 
ыдырау 
өрісіне
төтеп бере алды. Ортақ түріктік мұра дәстүрлері әрбір түркі тектес 
халықтың дүниетанымында осы күнге дейін бейнеленеді. Сол себепті, ХV-
XVI ғғ. дейінгі қалыптасқан дәстүрлер «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет