Б.Ғ. НҰҒман, А. А. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет21/64
Дата07.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#91517
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64
Байланысты:
Нугман история Казахстана каз (1)

ғундардың 
да аты кеңінен жайылған б.д.д. ІV-ІІІ ғғ.
мен біздің заманымыздың V-VІ ғасырлар тұсында әлемге әйгілі болған 
көшпелі өркениетін қалыптастырған қағанаттардың бірі. Ғұндар жоғары 
дамыған материалдық мәдениет пен әскери-әкімшілік принциптік түрде 
ұйымдасқан билік институтын және мәдени катализатор қызметін атқарған 
империялық құрылымды қалыптастырды. Мемлекет басында атадан балаға 
мұра ретінде ауысып отыратын Тәңірдің рақымымен берілген билік 
лауазымы Шаньюй (Тәңірқұты) басқарды. Оны «Тәңірдің ұлы», «Аспанда 
туған және Күнмен, Аймен безендірілген» деп таныды. Империяның барлық 
жері - Шаньюдің меншігі болып есептелді, ал Елін қорғауда - ол міндетті 
болды. Биліктегі келесі баспалдақ оның кеңесшілері мен әскер 
басшыларында болды. Төменгі чиндерге – тумэндер, мыңдықтар, жүздіктер, 
ондықтар жатты. Тумэндерді шаньюдің өзі тағайындап, оған жері мен 
халқын бөліп беріп отырды. Әр түрлі салық жүйелері мен міндетті түрде 
еркек қауымның әскер борышын өтеу заңы бекітілді. 
Сонымен, 
ерте 
көшпенділер 
дәуіріне 
қатысты 
ойымызды 
тұжырымдайтын болсақ, біздің дәуірімізге дейін VІІ-ІV ғасырларда 
Қазақстанның қазіргі аумағында сол кездегі аса қуатты сақ бірлестіктері 
және олармен тектес басқа да тайпа одақтарының құрылғанын көреміз. Б.д.д. 
III ғ. – б.д. V ғ. аралығында ғұндар, үйсіндер, сарматтар және қаңлылар 
сияқты тайпаларының өзара бірігуі тап осы кезеңге сай келеді. Жоғарыда 
аталған тайпалар VI ғасырда түркі деген ортақ атауға ие болып, Орталық Азия 
аумағында ортағасырлық империялық қуатты мемлекет құрылымын – Көк 
Түрік Қағанатын дүниеге әкелді. 
Осы ерте көшпенділердің Еуразия Даласында мәдени ырғақтары қандай 
болды деген сауал-сұрағына тоқталайық. Шексіз далада қимылсыз жату 
көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол - бір заңдылыққа бағынып
табиғаттың құрамдас бөлігі есебінде даланы игеруге бағыт ұстады. Кеңістікті 
меңгеру ісінде жылқының ерекше қызметіне назар аударып, оны адам еркіне 
көндірді. К.Ясперс айтқандай: «тағылықтан өркениетке өтуде жер суару 


Қазақстан тарихы (он бес дәріс) 
жүйелерін жасаумен қатар ... жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте 
маңызды болды»,- деді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік 
берді және А.Вебердің пікірі бойынша: көшпелілер «Ұлы қоныс аударуы» атты 
құбылысты әкелді. Бұл өзге өркениеттердің қалыптасуына үлкен себебін 
тигізді. Мысалы, мұны грек мифологиясынан көруге болады: кентавр Хирон 
(көшпенді скифтің метафорасы) досы Прометейге көмек беру үшін мәңгілік 
өмірден бас тартады. Шумерлік жырдағы осы байланысты Гильгамеш пен 
Энкидудың (Энкиду – Ұлы Далада туған батыр бейнесі) достығынан да 
аңғарылады. О.Сүлейменов «Аз и Я» кітабында шумерлік және түріктік
мәдениеттерінің туыстығы жөнінде айғақты гипотеза келтіреді. Сонымен, 
А.Вебердің айтқан пікірімен ерте көшпенділер дәуірін толастасақ: 
«техногендік өркениет пайда болғанға дейін көшпелілер кеңістікте мәдени 
катализаторлар қызметін атқарды». Яғни, далалық өркениет әлемдік дамудың 
бір қозғаушы күші болғанын дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет