М.Өтемісов атындағы БҚМУ қаржылық шаруашылық қызметі 3 жыл бойынша тиімді болды, негізгі қызметтің рентабельділігі 10 % жетті.
Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, лабораториялық жабдық пен ұйымдастыру техникасын сатып алу саласында елеулі өсу байқалады.
Ардагерлерге, зейнеткерлерге, қызметкерлерге және студенттерге университетте қабылданған Ережеге сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Бюджеттің едәуір шығыс бөлігі білім алушылардың стипендиясы мен жол жүру өтемақысы болып табылады. Жетім, мүгедек студенттерге материалдық көмек көрсетіледі. Соның ішінде жетім және мүгедек студенттерге тегін тамақтандыру ұйымдастырылған.
ПОҚ біліктілігн арттыру мақсатында бөлінген қаржы көлемі де жеткілікті.
Бір студентті оқытуға арналған орташа шығыс мемлекеттік тапсырыспен белгіленген шығындар деңгейіне сәйкес келеді.
www.gosreestr.kz сайтында қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспары орналастырылған, бұл қаржылық-шаруашылық қызметінің ашықтығын көрсетеді.