Бүгінде әлем халқының саны 7,6 млрд-қа жетіп жығылды. Соның 55 пайызы қалаларда тұрады. БҰҰ-ның болжамы бойынша, 2050 жылы жер бетіндегі қала халқының үлесі 68 пайызды құрайды



бет2/3
Дата26.05.2020
өлшемі216,44 Kb.
#71183
1   2   3
Байланысты:
Smart sity

Әлемдік тәжірибе

Халықаралық тәжірибелерге сүйенсек, «Smart city» жобасы әлемнің 2500 қаласына енгізілді. Соның арқасында олардың көптеген қалалары дамып, тұрғындары жайлы өмірге қол жеткізді. Ал, ең үздіктеріне келер болсақ: Дания мемлекетінің Копенгаген қаласы. Осы жобаның арқасында әлемдегі ең жайлы, ең қолайлы қала атанып, экологиялық тұрғыдан ең таза аймақ саналады. Бүгінде Данияның астанасында 4G-дің қолжетімділігі жоғары, Wi-Fi-ға еркін қол жеткізу пункттері көп. Коммуналдық қызметтерді үйден шықпай-ақ смартфонмен төлей береді. Сонымен қатар, жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында зияткерлік көліктік жүйесі қалыптасқан және ақылды автотұрақтары бар.

Ал, Сингапурда көлік кептелісі атымен жоқ. Олар оған «Ақылды қала» жобасы аясында қол жеткізген. Онда әр көлікке арнайы орнатылған қондырғыға «кэш-карта» (In-Vehicle Unit) салынады. Қала қақпасына (ERP) кірер алдында картадан автоматты түрде тарифпен есептелген жолақысы алынады. Сингапурлық «ақылды жол» жүйесі көлік қозғалысын реттеуде тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ, цифрландыру аясында электронды сауда жүйесін дамытып, ашық және жариялы үкіметтің қызметін қалыптастыра алған болатын.

Жапонияның Токиосы да экономикалық дамудың даңғыл жолына осындай «ақылды қала» жобасы арқылы жетті. Олар барлық саланы компьютерлендіруге басымдық беріп, робот технологияларын әлеуметтік және өндірістік жұмыстарға тартты. Осылайша, экономикалық дамудың жолын тапқан еді. Аталған жоба қаладағы көптеген шаруашылық жұмыстары мен қызмет түрлерінің тиімділігін арттырып, инновацияларды дамытуға тартымды жағдай жасауда.



Сан-Францискода «ақылды қала» жобасының арқасында қоғамдық көлік пен тұрғын үй шаруашылығы реттелген болатын. Көлікті және тұрғын үй шаруашылығы жұмысын қадағалап, бақылайтын 60-тан астам компьютерлік бағдарлама енгізілген. Сонымен қатар, өздігінен жүретін көліктер пайда болып, әлеуметке сапалы қызметін ұсынуда. Алдағы уақытта қалада жанар-жағар маймен жүретін бірде-бір көлік болмайды деген жоспарлары да бар екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет