50
БББ
(Білемін – Білгім келеді – Білдім)
Қалыптастырылатын дағдылар:
- ақпаратты басқару;
- өзін өзі басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушылардың өздерінің қазіргі білім деңгейін,
оларда қандай олқылықтар
бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға
және зерттеуден кейін қандай жаңа ақпарат зерделенгенін талдауға арналған стратегия
ретінде пайдаланылады. Бұл әдіс игерілген білімге негізделеді және командалық жұмыс пен
қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытады.
Жұмыс алгоритмі
1. БББ кестесіндегі «Білемін» бағанына оқушылар
олардың белгілі бір тақырып
немесе сұрақ бойынша нені білетінін жазады.
Егер оқушылар топтарда жұмыс істейтін болса, олар өздерінің бірлескен жауаптарын
кестеге жазбай тұрып, алдымен «
Стикер»
тапсырмасын өткізе алады.
2. Содан кейін оқушылар «Білгім келеді» бағанына не білгілері келетіндігі туралы
жаза отырып, өз білімдеріндегі олқылықтар туралы ойланады.
3. Тақырыпты меңгеру үдерісі аяқталғаннан кейін оқушылар соңғы «Білдім» бағанын
толтырады. Бұл жерде олар бірінші екі бағанның дұрыстығын
растайды және тақырып
бойынша алған білімдерін өздерінің бұған дейін болған, «Білемін»
бағанында жазылған
білімдерімен салыстырады.
Тақырып: Танзания
Білемін
Білгім келеді
Білдім
Дамушы ел;
Масай тайпалары;
Килиманджаро тауы;
санитарлық
қызметтердің
жетіспеушілігі;
Сафари.
мектептер туралы;
импорт/экспорт;
ең төмен күнкөріс деңгейі;
тайпалық тұрмыс;
басқа географиялық
пайдалы объектілер.
тайпалық тұрмыс мал
өсіруге және
жаугершілікке
негізделген;
Нгоронгоро кратері.
Достарыңызбен бөлісу: