28
ҚАР КЕСЕГІ
Қалыптастырылатын дағдылар:
басқалармен жұмыс;
ойлау,
проблемаларды шешу;
шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларға проблемаларға орай өз әрекеттері туралы ойлануға және аталған
тақырып бойынша өз ойларын қарастыру үшін ақырындап
жан-жағындағы адамдармен
бірлескен жұмысты бастауға мүмкіндік береді. Бұл - аз сөйлейтін оқушылардың өз ойларын
әуелі жұптарда, одан кейін топтарда айтуға мәжбүрлейтін практикалық тәсіл. Бұл сонымен
қатар оқушылардың сұраққа байланысты пікірлерін білдіруге жетелеп,
жалпы талқылаусыз
бүкіл сыныпқа келісімге келуге мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Қозғалуға және араласуға ыңғайлы болу үшін үлкен кеңістік қажет. Немесе,
оқушылар парталардың айналасына топтар құрып, тиісінше орындықтарды қозғалта алады.
Жұмыс алгоритмі
1. Тиісті сұрақ қойылады немесе оқиға сипатталады.
2.
Оқушылар ойларын, пікірлерін немесе ұсыныстарын өз бетінше жазады.
3. Оқушылар жұп құрып, жауаптарын салыстырады.
Олар өз тұжырымдарын
талқылайды да, мәселе бойынша келісілген және мәмілелік тұжырымға қол жеткізіп, оны
жазып алады.
4. Оқушылар төрт адамнан тұратын топтар құрып, тура сол рәсімді қайталайды. Тағы
бір келісілген тұжырымға қол
жеткізіліп, оны жазып алады.
5. Төрт адамнан тұратын топ сегіз адамнан тұратын топқа айналады да, үдеріс
қайталанады. Келесі келісілген тұжырымға қол жеткізіледі.
6. Топтар өсіп отыратын болғандықтан, өкіл/үйлестіруші, хронометрші,
ресурстарды
үлестіруші, хатшы және т.б. таңдау қажеттігі туындайды.
7. Содан кейін сыныптың түпкілікті тұжырымы талқыланып, негізделеді.
8. Келісілген
тұжырымға қарсы шыққан, өз пікірі жеткілікті түрде ескерілмеді деп
санайтын оқушының пікірі жазылып алынуы тиіс.
9. Тапсырманы
орындағаннан кейінгі
жауап алу
тек білу мен түсінуді ғана емес,
сонымен қатар тапсырманы орындау үдерісін зерттеп білуге мүмкіндік береді:
оқушы
шешімге қалай келді? Мәмілеге қалай келді? Олар қандай дағдыларды пайдаланды?
Достарыңызбен бөлісу: