Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мəселесіне ерекше көңіл бөлінуде



Дата16.09.2022
өлшемі13,38 Kb.
#149755
Байланысты:
Документ


 Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мəселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Табиғатқа жанашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау болып табылады. Айнала бізді қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бойындағы бар байлықты адам игілігі үшін мейлінше ұтымды пайдалану, қорғау жəне көркейту мəселесін ойдағыдай шешу — бүгінде бүкіл дүние жүзі халықтарының алдында тұрған ортақ міндет. Өйткені бүкіл Жер планетасы, айналадағы табиғи адамзат үшін ортақ. Бұл абыройлы міндетті бұлжытпай алға алып барушылар — еңбектің қадірін, еңбек өнімділігін арттырудағы табиғат байлығының рөлін толығынан түсіне білетін жастар. Сондықтан халқымыздың, əсіресе жастардың экологияға деген көзқарасын өзгерту шешуші фактор болып табылады. Бұл орайда педагогикалық мəселелер алғы шептен орын алады, өйткені өсіп келе жатқан жас ұрпақ отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, мектеп қабырғасында жүріп табиғат, оның адамзат үшін пайдасы туралы, айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтау жəне онымен дұрыс қарым-қатынас жасау туралы мақсатты түрде ең алғаш рет ғылыми мағлұмат алады. Міне, сондықтан балабақшадан бастап балаларға экологиялық тəрбие беру өзекті мəселелердің бірі болып отыр.
Тəрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды табиғатты сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу экологиялық тəрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық тəрбие жұмысын ұйымдастыруға ұсынылатын материалдарда балалардың жас ерекшеліктерін, психологиялық физиологиялық қабылдау мүмкіндіктерін ескеріп, оны тəрбие процесінде тиімді пайдаланған дұрыс. Балалардың отбасында өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген қызығушылығы, оларды сырттай бақылауы, өсімдіктерді басып-жаншып сындырмау, өзен-көл суларын ластамау, қоршаған ортада тазалық сақтау сияқты адамға ғана тəн табиғат қорғау іс-əрекеттерінің ата-аналардың ықпалымен жүргізілуі балалық шақтан дағдыға айналып, күнделікті өмірде орындауға тиісті міндеттерге айналуына мүмкіндік туғызады.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, əр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар əлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті, балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ- мысалдар, əңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бəрі-бəрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет