Флюгер
|
м\с
|
Жел жылдамдығын
|
Табиғи апаттардың алдын алу
|
Жаңашыл мұғалімнің кәсіби шығармашылық әрекеттерінің нәтижелілігінің болуы оқушысының табыстылығымен тікелей байланысты.
Оқушыға дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруға, яғни сындарлы оқыта отыра функционалдық сауаттырығын арттыруға болады.Осы орайда В.А.Сухомлинский «Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына ойландырып қоймас үшін оны ойланту керек» деп айтқан сөздерін негізге ала отыра, заман талабына сай жаңа заман оқушысының функционалдық сауттылығы жоғары болуы тиіс деп ойлаймын. Ал оқушының функционалдық сауаттылық деңгейін арттыруда баланы ойлантуымыз маңызды болып табылады. Яғни оқушы мектеп қабырғасында алған білімдерін өмірде қолдана білсе ғана ол табысты бола алады. Ол үшін баланың алған білімінің дұрыс бағалануы басты назарда болуы тиіс. Мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай бала қалай бағаланатыны туралы жеке қарап, алдын ала бағалау шкалаларын қарастырып, болжам жасай отыра, оны жоспарына енгізіп, барлық сабақ үрдісін бағалау қажеттігін ескерген жөн. Оқушы өзін-өзі талдау, өзіне-өзі баға беру мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болуы керек.Оқушының функционалдық сауаттылығын арттырудағы, сындарлы ойлантудағы келесі маңыздыларының бірі – кері байланыс деп есептейміз. Оқушының оқу үрдісінде алған білімдерін келешекте қолдану үшін оқушының қандай деңгейде екендігін, яғни өзінің біліміне өзі сындарлы баға беруге көмектесіп қана қоймай, өз проблемасымен жеке қалмай,қолдау арқылы шешімін табуда маңызды. Кері байланыс үдерісінде оқушылардың жауабын мадақтау және жеке мақсатты көрсеткіштерді белгілеуді көздейтін бағалау. Ол оқушыларды өздерінің жұмысына қатысты айтылған пікірлер жайында ойландырып, оларды келешекте жетілдіру мүмкіндіктерін табуға ынталандырады. Сондықтан да астарлы бағалай отыра,сыни ойлай білу және өзіндік жұмыс істей білу қабілеттілігі мұғалімнің жаңа идеяларды тудыруға, сабақ үдерісін одан әрі дамытуда маңызы зор болып табылады.Сондықтан бүгінгі оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа формациядағы мұғалім бойында төмендегі кәсіби құзыреттілігі болса мақсатымызға бірге жетпекпіз, ол:
- оқушыларға қамқорлық көрсете білетін, оған ықпал жасай алатын және өз бетінше шешім қабылдауда бағыт-бағдар беретін;
- әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын;
- оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар;
- оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін;
- оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін;
- бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдер. Бұл құзыреттіліктер деңгейлік бағдарламада көрсетілген.
Белгілі педагог К.Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - деген пікірін негізге ала отыра мұғалім әрдайым кәсіби дамуына назар аудару қажет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлтық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана, 2010.
Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. - Б. 42-47.
« Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназия» коммуналдық мекемесі
Баяндама:
«Оқушылардың танымдық дағдыларын қалыптастыратын тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту»
География пәні мұғалімі: Козыбакова А.С.
Мектеп: №8 гимназия
Тараз 2019ж
Достарыңызбен бөлісу: |