Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны -«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» атты құжатында «...тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады» деп атап көрсетілген . Аталған құжатта мектеп оқушыларының фунционалдық сауаттылығын дамытудың 4 түрлі механизмі қарастырылған. Біріншіден, білім берудің мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту, екіншіден, оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгертті, үшіншіден, қосымша білім беру жүйесін дамыту, төртіншіден, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың барынша белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен болатын.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады
Қазіргі заман талабына сай жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда .Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі, білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Осы мақсатта мен өз сабағымды 7- сыныптағы «Атмосфера» ауқымды бөлімін назарларыңызға ұсынбақшымын.
1) Тапсырма, ауа – райын оқушыларға өздері болжап білуге үйрету. Яғни, қазақи ауа – райының жануарлар мінез құлқына, табиғат құбылыстарына қарай отырып, сөйлемді аяқтау. Біріншіден оқушылар бар ынта қызығушылығымен тапсырманы орындап, ауа – райын өздігінен болжауға машықтанады.
Мысалы: Бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор парақшаларында күн сайын жер шарының түрлі бөліктерінде әртүрлі ауа райы болжамын береді. Бұл ауа райының уақыт пен кеңістікке қарай өзгеретінін айғақтайды.Ауа райының өзгеруін қандай элементтер мен құбылыстар сипаттайды?Температура, ылғалдылық, атмосфералық қысым,жел жылдамдығы мен бағыты – ауа райының негізгі элементтері. Ал сабақта, оқушыларға ой тастау үшін мен бұл тапсырманы ауа райын қазақи жормалдауын жануарлар,табиғат құбылыстарының іс-әрекеті мен мінез құлықтарын бақылай отырып, берілген мәтінді өздері аяқтауды ұсындым:
Жылқы (жиі пысқырынса, ауа райы бұзылады);
Қаз (бір аяғын кетеріп ұзақ тұрса не қанатын жиі қаққыласа, аяз тұрмақ);
ШЫМШЫҚ
— таңертең шиқылдай бастаса, түнде аяз тұрады;
— қосылып жиі-жиі шиқылдаса, күн жылынады.
ТАУЫҚ
— жүнін үрпитіп қытқылдаса, (ауа райы бұзылады);
— құмға аунап, қанаттарын қаққылап сілкініссе, қауырсынын тарағыштаса, (жаңбыр жауады);
— жаңбырлы күндері қораз таң ата шақырса, (күн ашылады).
МЫСЫҚ
– бұйығып ұзақ ұйықтаса, (күн жылынады);
– жуынса – (күн шуақ);
– пеш үстіне шығып бұйығуы – (салқындық нышаны);
ТЫШҚАН
— жазда ініне бидай сабаны мен құрғақ шөпті көп тасыса — (келер қыс қарлы, суық әрі ұзақ);
— мезгілсіз інінен шықса, (жаңбыр жауады).
ЖАУЫН ҚҰРТЫ
— жер бетіне шығып жыбырлап жүрсе, (кешікпей жаңбыр жауады).
«АУА РАЙЫН ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІ МЕН ҚҰБЫЛЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ БОЛЖАУ»
ЖЕР СІЛКІНУ НЫШАНДАРЫ
— құстар қым-қиғаш ұшып-қонып, улап-шулап дәйексізденеді;
— құмырсқалар илеуінен безеді;
— иттер қыңсылап, кейде мезгілсіз ұлып мазасызданады;
— мысықтар жер тырналап, мияулап үйден қашып шығуға тырысады;
— жыландар топтанып өзге жаққа көшеді;
— кесірткелер өз мекенінен жедел қоныс аударады;
— атжалмандар мен тышқандар індерін тастап, топ-топ жиналып әбігерге түседі, ерсілі-қарсылы жүгіріп, кейде өзара таласады;
— жылқы оқыранып, сиыр мөңіреп, қой маңырап, шошқа мен үй қояндары безек қағып, тыным таппайды.
НАЙЗАҒАЙ ОЙНАЙДЫ
— тұманды күні ауа қапырық болса;
— күн сәулесі бұлдыр тартса;
— орман шуылы басылса;
— ашық шуақты күні көбелек кенеттен үйге ұшып кіріп, түн түспей-ақ төбенің ең қараңғы бөлігіне қонақтаса;
— әр түсті қою бұлттар шоғырланып, бірін-бірі басып тез көшсе.
2)Тапсырма:
Оқушылардың логикалық қабілетін дамыту.
Мәселен ой тастайтын екі сурет көрсетемін, ол бірі өрмекші ұясы, екінші геометриялық график:
Осы екі суреттен нені меңзеп тұрғанын тауып,тақырып мәнін ашады,оның жауабы «Ауа райы қалай және не себепті өзгереді?» тақырыбындағы
Достарыңызбен бөлісу: |