Сабақ: Сиыр Мектеп: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11жалпы орта білім беретін мектебі»



Дата26.08.2017
өлшемі126,25 Kb.
#28461
түріСабақ
Сабақ жоспары


САБАҚ: Сиыр


Мектеп: «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №11жалпы орта білім

беретін мектебі» КММ



Күні: 19.10.2016

Оқытушының аты-жөні: Сердалинова Гульмира Химиевна

СЫНЫП: 2 Ә

Қатысушылар саны: 21

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылардың сиыр жырына тоқталып, оның пайдасы жөнінде білуін және іске асыруына жағдай жасау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • төрт түлік малдың бірі сиыр екенін барлық оқушы біледі.

  • Төрт түлікті күте білуге, төрт түліктің бірі сиыр екенін ажырата біледі.




Оқушылардың басым бөлігі:

  • Сиыр туралы анықтама алып ,олардың өнімінің денсаулыққа пайдасы жөнінде түсінік береді.

  • Оқушыларға сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атаулары жөнінде түсінік береді.

  • Сиыр малын күтіп-баптау түрлерін талдайды.

Кейбір оқушылар:

  • нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін жинақтайды

  • рефлексияға қатысады, өзін және өзінің сыныптастарын  бағалайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

• сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атауларын сипаттай алады






Негізгі сөздер мен тіркестер: Мүйізі айдай иілген,Мұрнын көкке шүйірген,Ірімшік пен құрт,майы,Жегенде тілді үйірген.




Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сиыр атасы қалай аталады?

  • Сиыр малының қандай пайдасы бар?

  • Сиыр төлі қалай аталады?

  • Неге төрт түліктің бірі сиыр деп атайды? Сиырдың пірін қалай атайды?

  • Неліктен екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша:

Сіз … неліктен екендігін айта аласыз ба?

Сіз осы тапсырманы қалай орындадыңыз?


Алдыңғы оқу

Төрт түлік мал түрлерін ажырату

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-2 минут



3-5 минут


Психологиялық дайындық. 

-Дұрыс,балалар.Олай болатын болса,сабағымызды бастайық.

(Т) Оқушылар «Қой,сиыр, ешкі,жылқы» бейнеленген карточкаларды алу арқылы 4 топқа бөлінеді.

(МК) Сиыр жырына тоқталып, оның пайдасы жөнінде біліп, сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атауларын сипаттай алуы жайында айтылады.


Төрт түлік бейнеленген карточкалар

Ортасы

6-9 минут

10-14 минут

15 минут


16-37 минут

38-43минут



(Ұ,МК) Миға шабул. Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа тақырыпты меңгертуге жетелейді:

«Сұрақтар банкасы» стратегиясы .Екі қатарға тұрып сұрақтарға жауап беру.

1.Мәтіндегі сөздерді пайдаланып,торы құлынды сипаттау

Басы ... Көзі...

Ерні Жағы...

Мойны... Жалы...

Саны... Құйрығы...

Денесі ...

Мақалды жалғастыр: 4 топқа беріп талдау

1.Жақсы ат жанға серік, Жақсы ит …….. серік.


2. Жылқы — …….. патшасы, Түйе — малдың қасқасы.
3. Аттың бәрі …….. болмас, Құстың бәрі сұңқар болмас.
4. Жылқының …… жесең тісіңе кіреді, Жемесең түсіңе кіреді

«Сиырдың төлі бұзау»

(Суретпен жұмыс)

Оқушылар өз ойын толық жеткізуге дағдыланады.

Суретте не байқадыңдар?

Неліктен?

Неге? Олай ойлайсыңдар?



Ой ізденім

Мақал - мәтелдерді түсініп оқы.



  • Сиырлының үйі – айран, 
    Сиырсыздың үйі – сырдаң


  • Сиырдың сүті – тілінде.

Сөздік жұмыс

Сырдаң – жұтаң, тапшы, кедей. Айдай иілген – мүйізі айға ұқсас. Көкке шүйірген – жоғары көтерген. Керілген желін, сала емшек – емшегі сүтке толған. Жаның сүйінген – қуану. Тілді үйірген – дәмділігі ауыздан кетпес, өте дәмді

Мағыналарын ашу.


  • Төрт түлік мал дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Төрт түлік мал не үшін қажет?

  • Неліктен?

(МК) Оқу материалын мұғалімнің қосымша ресурстар арқылы түсіндіреді.

(Қ) Рефлексия: Бармақ әдісі

(Ж,ОТ,Қ) Сарамандық жұмыс.



«Ойлан.Жұптас.Бірік.» стратегиясы

1.Оқулықпен жұмыс.

Сиыр өлеңін (жеке,жұппен,топпен оқу, талдау)

2.Топпен жұмыс

1-топ. Жырға сүйеніп, сиырды сипатта.
Суретпен жұмыс:
Мүйізі...
Мұрыны...
Ірімшік, құрт, майы...
2 - топ. Сиырдың пайдасы туралы жаз.
Терісінен жасалатын заттар...
Етінен жасалатын тағамдар...
Сүтінен әзірленетін тағамдар...
3-топ Төлін тап:

Сиыр-

Қой-

Ешкі-

Түйе-

Жылқы-

4-топ

Сиыр малының жасын ата?

Сиыр атаулары
Зеңгі баба – сиыр пірі, иесі, киесі.
Бұзау – сиыр төлі.
Баспақ – алты айға дейінгі төл.
Арда  торпақ – бір жылдық төл.
Тайынша – жастан асқан еркегі.
Тана – жастан асқан ұрғашысы.
Қашар – екі жасар ұрғашысы.
Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.
Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құнан, өгіз, атан, т.б. болып аталды.
Бұқа – аталық.
Сиыр – аналық.
Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.
Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.
Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.
Қашақ – жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр.
Аухау –аухау – сиыр шақыру.

«Ой қозғау» стратегиясы
Сиыр пірі қалай аталады?

Сиыр малының қандай пайдасы бар?

Сиыр төлі қалай аталады?

Кластер

Топтық тапсырма кластер арқылы жұмыстану


Топтық тапсырмада төрт түлік малының төлі қалай аталады, малды қалай шақырады? деген тапсырма берілді, конвертте берілген сөздерді желім арқылы қатесіз төрт түлік малының суреттерінің қасына жабыстыру керек.

Бүгін қандай үй жануары туралы оқыдық?
Сиырдың қандай пайдасы бар?

Сиыр сүтінен не жасалады?
Рефлексия

Кері байланыс жазады:

Ұнады-


Ұнамады-

Сұрақ-


Бағалау

Жұмыс барысында мұғалім жекелеген оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады.

(Қ) Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі

(Т,Ө,ОТ,Қ) Шеберлер ауылы. (Ұ,МК) Көрме. Оқушылар жасаған жұмыстарын қабырғаға ілу арқылы көрме ұйымдастырады. Барлық оқушылар достарының жұмыстарымен танысады.

(Қ) Рефлексия: Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып, сол жұмыстын тұсына жапсырады.

суреттер


банка

Мата каталогы, таныстырылым, төрт түлік суреті,төлдер, жапырақтар, бояулар

Төлдің суреті

Мақал-мәтел жазылған сөздер

Қауіпсіздік ережесі

Бағалау парақтары

Скоч,оқушылардың дайындаған жұмыстары

Стикерлер

Әр топқа берілетін тапсырмалар

төрт түлік малдың төлдерінің суреті , конверт,сөздер,желім



аухау-аухау - бұзау

құрау-құрау -құлын

пүшәйт-пүшәйт-  қозы

шөре-шөре -лақ

күс-күс- бота





Аяқталуы

44-45 минут




(МК,Ұ) Мұғалім жалпы сабақ барысына, оқушылардың жұмыстарына талдау жасайды, жұмыс орыны жинастарлады





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет