Психологиялық-педагогикалық Қолдау көрсету, диагностика, ТҮзету жұмыстары,КЕҢес беру, АҒартушылық, Әдістемелік, Ұйымдастырушылық бағыттары дайындағАН: жомуд мария қонайбекқызы мамандығЫ: педагогика және психология тексерген



Дата07.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#91687
Байланысты:
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ семинар

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ, ДИАГНОСТИКА, ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ,КЕҢЕС БЕРУ, АҒАРТУШЫЛЫҚ, ӘДІСТЕМЕЛІК, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ

ДАЙЫНДАҒАН:ЖОМУД МАРИЯ ҚОНАЙБЕКҚЫЗЫ

МАМАНДЫҒЫ:ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ

ТЕКСЕРГЕН:АТЕМ МАРЖАН НҰРЛАНҚЫЗЫ

«ӘЛ-ФАРАБИ» АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Психологиялық –педагогикалық қолдау

  • Осы ұсынымдар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру арқылы тең қолжетімді білім беру қызметтерін ұсыну бойынша жағдайлар жасау мақсатында әзірленген.
  • Психологиялық-педагогикалық қолдау баланы білім беру-тәрбиелеу үдерістері жағдайында дамытуды қамтамасыз ететін көмек пен қолдаудың ерекше бір түрі болып табылады және әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігіне сәйкес оны табысты оқыту мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдай тудыратын мамандардың ұйымдық қызметінің тұтас жүйесін білдіреді.

Негізгі қағидалары

  • Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары:
  • бала дамуындағы қандай да бір проблемаларды шешудің кешенді, пәнаралық тәсілі;
  • білім беру үдерісіндегі баланың дамуына қолдау көрсетудің үздіксіздігі;
  • қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • қолдау қызметін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау (болжау);
  • даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау шараларына ата-аналарды, педагогикалық және балалар ұжымдарын белсенді түрде тарту.

Негізгі міндеттері


1)Балалардың дамуындағы кемшіліктерді ерте (анықталған сәттен) түзетуді ұйымдастыру; 2)Қалаға және оның отбасына даму, оқу, әлеуметтену міндеттерін шешуге көмектесу (ықпал ету);
3)Білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларын психологиялық қамтамасыз ету;
4)Педагогтардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін (психологиялық мәдениет) дамыту;
5)Баланы түзету-дамыту, тәрбиелеу жұмыстары мен оқыту нәтижелілігінің мониторингі (психологиялық-педагогикалық мониторинг).

Негізгі бағыттары

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі бағыттары:

  • 1) баланың психологиялық және дене даму ерекшеліктерін кешенді түрде тексеру, нақты психологиялық-педагогикалық түзету шараларына қажеттілігін анықтау;
  • 2) баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке түзете дамыту бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  • 3) жеке, шағын топпен, топпен өтетін түзете дамыту жұмысын жүргізу;
  • 4) кеңес беру және оқу-ағарту жұмысы;
  • 5) ғылыми-әдістемелік қызмет (семинар-практикумдерді, жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу; жұмыс тәжірибесін баяндама, сөз сөйлеу түрінде жинақтау; әдістемелік ұсынымдар әзірлеу);
  • 6) психологиялық-педагогикалық мониторингті жүзеге асыру.


Негізгі талаптары


Психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі талаптары:
1) білім беру ұйымында балалардың толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етуге және жалпы білім беру және арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін бейімдеу және түзете дамыту ортасын құру;
2) мүмкіншіліктері шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге және оқу-әдістемемен және материалдық-техникалық жабдықтауға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті және олар үшін қолжетімді материалдық-техникалық жағдайларды жасау (арнайы құралдар, құрылғылар, көмекші және техникалық құралдар, қазіргі заманғы көрнекі дидактикалық материалдар); жүргізетін дефектолог мұғалім, педагог-психолог, логопед мұғалім және басқа да мамандардың кабинеттерін
3)балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысын түзете дамыту құралдарымен, оқыту құралдарымен (соның ішінде техникалық), арнайы оқу-әдістемелік және дидактикалық әдебиеттермен жабдықтау;
4) білім беру ұйымының кітапханасын арнайы білім беру және түзете дамыту бағдарламаларымен, арнайы әдістемелік және оқу әдебиеттерімен қамту.

Ағартушылық,әдіснемелік,ұйымдастырушылық қолдау

  • Қолдау маманы мекеменің білім беру бағдарламасын, даму бағдарламасын әзірлеуге, басқару жүйесін жобалауға қатысады, білім беру мекемелерінің педагогтар кеңесі мен басшылығының қабылдаған шешімдерін, оқу және тәрбие жұмысының жоспарларын, сонымен бірге білім беру үдерісінің ағымды жағдайының ағартушылық, әдіснемелік, үйымдастырушылық негіздемесін және олардың жеке тұлға мен оқушылар тобын дамыту мен тәрбиелеудегі практикалық тиімділігін талдайды және сараптайды, мекемені басқару бойынша жеке қызметкерлерге, басшылыққа ұсыныстарды береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ .



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет