Б/Х: жалпы холестерин- 6,5 ммоль/л



Дата05.12.2022
өлшемі22,02 Kb.
#161255
Байланысты:
тапсырма 2 Внутренние болезни Берикбай Бауыржан


№ 5 есеп

55 жастағы М. С. науқас учаскелік дәрігерге бас ауруы, бас айналу, көз алдында «шыбындардың жыпылықтауы», құлақтағы зыңыл туралы шағымдармен жүгінді.


Ауру анамнезінде: медициналық көмекке бірінші рет жүгінген, жоғарыда аталған шағымдар екі ай бойы мазалайды, олар өткен психоэмоционалды стресстен кейін пайда болған.
Объективті: Жалпы жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Дұрыс дене бітімі. Қанағаттанарлық тамақтану. ДМИ - 27,3 кг/см2. Тері жамылғысы таза, бетінің гиперемиясы. Тері астындағы май қанағаттанарлық дамыған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Перифериялық ісіну жоқ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ - 1 минутта 18. Жүрек аймағы өзгермеген. Қан тамырлар шоғыры – 7,0 см. Жүрек ұшы түрткісі бесінші қабырға аралықта ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа қарай 1,0 см, оң жақ – төс сүйегінің оң жақ жиегі бойымен, жоғарғы – 3-ші қабырғааралықта, сол жақ шекара сол ОБС 2 см сыртқа қарай; Жүрек тондарының әлсіреуі, ырғақ дұрыс. ЖЖЖ - 1 минутта 82. АҚ – 175 және 90 мм. сын. бағ. Тілі дымқыл, таза. Іші жұмсақ, тері асты май қабатының әсерінен ұлғайған, барлық бөліктерінде пальпацияда ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының шетінде. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс қалыпты, пішінделген. Зәр шығару еркін, ауыртпалықсыз.
Тексеру кезінде: ЖҚА: Нв- 132г/л, эритроциттер- 4,2*1012/л, лейкоциттер -7,2* 109/л, тромбоциттер -210, ЭТЖ-14 мм/сағ.
Б/Х: жалпы холестерин- 6,5 ммоль/л
ЭКГ: Ырғақ синусты, ЖЖЖ- минутына 78, ауытқу ЭОС солға, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы.
Офтальмологтың тексеруі: қорытынды: көз торының ангиопатиясы

Тапсырма:



  1. Синдромдарды және олардың симптомдарын атап көрсетіңіз.

  2. Жетекші синдромды бөліп алып, оны негіздеңіз.

  3. Жетекші синдромның патогенезін түсіндіріңіз.

№8 есеп

35 жастағы ер адам физикалық жүктемеден тыс жүрек аймағындағы сыздап қайталанатын ауырсынуға шағымданып ревматологқа қаралды.
Анамнезі: бала кезінде артралгия бойынша ревматологта есепте тұрған, мүмкін болатын «жүрек ақауы» туралы айтылған. Әскерде борышын өтемеген, себебі жүрек ақауы анықталған.
Объективті: тері жамылғысы бозғылт, орташа сарғыш реңмен. Конъюнктив аймағында – жеке петехиялар. Пульс-90 в мин., ырғақты, қанағаттанарлық толтыру. Жүрек ұшы түрткісі алдыңғы аксиллярлы сызығы бойынша алтыншы қабырға аралық аймағында пальпацияланады. Жүректің салыстырмалы түтіккендігінің сол жақ шекарасы алдыңғы аксиллярлық сызық бойымен орналасқан. Жүрек үні ырғақты. Жүрек ұшында I тон әлсіреген. Жүрек ұшында дөрекі пансистолалық шу естіледі, ол сол жақ қолтық асты аймағына беріледі; қолқада және Боткин–Эрба нүктесінде протодиастолалық шу естіледі. Артериялық қан қысымы – 150/40 мм сын. бағ. Перкуторно: бауыр мен көкбауыр шамалы ұлғайған.

Тапсырма:



  1. Синдромдарды және олардың симптомдарын атап көрсетіңіз.

  2. Жетекші синдромды бөліп алып, оны негіздеңіз.

  3. Жетекші синдромның патогенезін түсіндіріңіз.

№9 есеп.

Науқас 38 жаста, шамалы физикалық күштемедегі ентігуге, қатты жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінде – ревматизм.
Қарау кезінде: бетінде цианотикалық симметриялы «қызару» бар. Пульсті бағалау кезінде- «pulsus differens». Жүрек аймағын пальпациялау кезінде жүрек соққысы, жоғарғы жағындағы диастолалық «мысықтың пырылдау» симптомы анықталады.
Перкуторлы жүрек шекарасы жоғары және оңға қарай ығысқан. Аускультация кезінде үш мүшелі ырғақ естіледі. Жүрек ұшында тон I –шапалақ тәрісздес. Өкпе артериясының үстінде II тонның акценті. Жүрек ұшында – диастололық шу естіледі.

Тапсырма:



  1. Синдромдарды және олардың симптомдарын атап көрсетіңіз.

  2. Жетекші синдромды бөліп алып, оны негіздеңіз.

  3. Жетекші синдромның патогенезін түсіндіріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет