3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі18,31 Kb.
#117469
түріОқулық
  1   2   3
Байланысты:
евне
4тоқсанТЖБ5с.қазақтілі, евне, евне, 1 математика 11 сынып Интеграл және алғашқы функция Айналу денесінің көлемі қысқа мерзімді жоспар

Түсінік хат
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары н бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 с бұйрық https://adilet.zan.kz
- Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешеңдердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы);
1. Бағдарлама Елбасымыздың «20 қадам» стратегиялық мақаласында айтқандай «Қазақстан тарихының жаңа қырлары мен сырларын оқушыларға таныту және патриоттық сезімдерін нығайту басты ұстанымымыз» деген сөздерін басшылыққа ала отырып әзірленді.
2. «Тарихи тұлғалар» үйірмесі оқушылардың Қазақстан тарихын игеруге, ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбегі, жетістіктері мен ерлігі туралы білімін кеңейтуге тиімді құрастырылған. Сонымен қатар оқушылар тұлғалардың үлгілі өмірінен тәрбие алып, болашақта Қазақстан Республикасының туын биікке ұстап, беделін асқақтатуға бағытталған.
3. Бағдарлама патриоттық қасиеттері бар және азаматтық борышын ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған.
4. Сонымен бірге, ел басшысы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, жан-жақты мәдениетті, рухани мәнге ие жеке тұлғаны тәрбиелеп, қалыптастыру» - деп тұжырым жасаған.
5. «Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ» - деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ тарих беттері ұлы тұлғалар мен батырларға, ғалымдар мен ғұламаларға, саясаткерлерге толы. Олардың жүріп өткен жолын саралау, ұлағатты сөздерін бағалау, өнегелі істерін айшықтау – рухани – адамгершілік мол тәрбиенің қайнар көзі. Сондықтан да белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де, оларды жүзеге асыру үшін де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар ізінен сабақ алу – бүгінгі ұрпақтың ісі.
6. Оқушылар арасында рухани тәрбиені қалыптастыруда тарихи тұлғалардың алар орны ерекше. «Өткенді білмей, келешекті болжау қиын» дегендей тарихи тұлғалардың тарихтағы игі істерін, жағымды қасиеттерін өз бойына қондырып, кеткен кемшіліктерінен сабақ алу да бүгінгі ұрпақтың еншісінде.
7. Қазақ даласы қай заманда да дарынды, ақылды адамдардан кенде қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін ғана емес, халқы үшін өмір кешкендіктен тарихтан еш уақытта өшпес орнын иемденген. Ұлылардың жүріп өткен жолдары, оған қоса солардың айтқан өсиеттері мен істеген істері рухани тәрбиеге толы.
8. Бағдарламаның сипаты: адамзат тарихы әр дәуірде, әр кезеңде өздерінің ой-парасатымен, білік-білімімен, кемеңгерлік болмысымен, берісі ұлт дамуына, әрісі әлемдік құндылықтарымыздың молаюына орасан үлес қосқан тұғыры биік тұлғаларға бай.
Оның ішінде Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесі мол. Тарих толқынында есімі елге танымал болған қайраткерлердің өмірі және шығармашылығы алға жетелейді, тәрбие береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет