«Тарихи тұлғалар» курсының мақсаты
- халқымыздың орта ғасырда өмір сүрген тұлғаларының өмір жолымен таныстыру;
- бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
- тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету;
- тұлғаларымыз жайлы әдебиеттер және жаңа деректермен таныстыру;
- сондай-ақ қазіргі танда сұраныстан кенжелеп қалып бара жатқан ақпарат, көркем әдебиет көздерін ашуда оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру;
- оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту;
- жас жеткіншектердің Отаны мен халық алдында жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру;
- еліне қызмет етуге дайын, Отансүйгіш, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін құрметтейтін белсенді азамат тәрбиелеу;
- Тәуелсіз Қазақстан тарихында өзіндік өшпес із қалдырған асыл тұлғалармен таныстыру, олардың жарқын істерін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
«Тарихи тұлғалар» курсының міндеттері:
1) оқушылар бойында тәуелсіздік, ел, жер, ұлттық болмыс, ұлттық таным, ұлттық намыс, ұлттық сана категорияларын қалыптастыру;
2) «жеке тұлға», «патриот», «азамат», «азаматтық», «азаматшылық», «патриотизм» ұғымдарының адам өміріндегі рөлін көрсету;
3) оқушыларды Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғаларға қатысты деректермен жұмыс істей білуге үйрету және осы саладағы білімін шығармашылықпен дамыту дағдысын арттыру;
4) оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту;
6) Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жан-жақты ықпал ету.
Достарыңызбен бөлісу: |