Сынып сағаты. Сынып сағатын информатикадан беретін сынып жетекші мұғалім өткізеді. Сынып сағатын өткізу тәжірибесі әр қилы. Сынып сағатын оқу және тәрбиелеу сұрақтарын (сынып жиналысы, ұжымдық ағымдағы жұмысын талқылау, жұмыс қорытындылары келтіру, ауызша журналдар, баяндамалар, дәрістер) шешуге қолдануға болатынын практика көрсетіп отыр. Мұнда оқушылар мұғаліммен кеңінен қарым қатынасқа түсуіне жағдай жасалынады.
Клубтық әрекет оқушылардың түрлі жастағы топтарының белсенді шығармалық әрекетін еліктіруге, пәндік білімдері мен біліктерін дамытуға, мәдени құндылықтарды үйренуге бағытталған. Клубтың негізгі әрекеті, ереже бойынша оның жетекшісінің түрлі жеке және ғылыми қызығушылығына, мамандануына байланысты түрлі жобалармен жұмыс жасауға бағытталған.
Компьютерлік клуб сыныптық не болмаса, мектеп қабырға газеттерін шығаруда, Интернеттегі мектеп парағын өңдеп тұруда, желілік жобалар, конкурстар, олимпиадаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Конкурс. Бұл ұжымдар жарысы немесе тек қана бір жеңімпаз жарысы, мұнда оқушылардың сол немесе басқа ғылым облысына, яғни өнер, спорт және т.б. деген қызығушылығын арттыру мақсаты қойылған. Ол оқушының өз бетінше жұмысына немесе мектеп кешінің, үйірме жұмысының, тақырыптық немесе есептік формасы болуы мүмкін. Конкурсқа оқушылардың шығармашылық әрекеттерінен туындаған өнерлері суреттер, анимациялар, программалар жатқызылуы мүмкін.
Информатикадан үйірме жұмыстары. Оқушылардың болашақ мамандықтарымен байланысты информатиканың өмірмен байланысын көрсететін үйірме жұмыстарына қатысу, олардың сабақтағы белсенділігін арттырады: оқушылардың информатикаға қызығушылығы артып, кейбірінің ізденушілік әрекетке талпынуы байқалады.
Үйірме - сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырудың бірден бір тәсілі. Үйірме көбіне жақсы оқитын оқушыларға ұйымдастырылады. Алайда, кейде үлгермеуші оқушылардың да үйірмеге қатысуға ниет білдіріп жатады, кейде сол үлгермеушілер үйірме жұмысына қатысып, жақсы нәтижелер көрсетеді. Ондай оқушыларға тек қана жақсылап назар аудару қажет, олардың информатикаға қызығушылығының артқанын қадағалап, үйірме жұмысының тапсырмаларын игеріп алып кетуін бақылау қажет. Бастысы – информатикадан үйірме жұмысын жалпы сипатын сақтау керек, сонда оған барлық қызығушылық танытқандар қатыса алады.
Ұйымдастыру кезінен бастап, оқушыларды үйірмеге тарту керек, оларға үйірмеде сабақта өтілетін тапсырмалар қайталанбайтынын айтып, жұмыстың сипатын ашу керек (ол үшін информатика сабағының бірінде оқушылармен үйірмені ұйымдастыру жөнінде ақылдасып, талқылау қажет).
Үйірме аптасына бір рет, әр сабаққа бір сағаттан бөлініп өткізіліп отырады. Үйірме жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың өздерін мақсатты түрде еліктіру керек (оқушыларға тақырыптар бойынша хабарламалар дайындату, тарихи сипаттағы анықтамалықтар жасату, сабаққа программалық құралдарды даярлау және т.б.).
Мұғалім үйірмеде оқушылар еркін ой алмасып, белсенді пікірталас құра алатындай жағдай жасау керек. Үйірме жұмыстарының тақырыптарына информатика тарихын, программалық қамтаманың әртүрлілігін, информатиканың математикалық негіздерін қарастыруға болады.
Сөзжұмбақтар. Оқушылар мен мұғалімнің бірге жұмыс жасауы, өзін-өзі дамытуы, өз білімін жетілдіруі, өзін-өзі бақылауы нәтижелі оқуға алып келетінін практика көрсетіп отыр. Сыныптан тыс жұмыстардың стандартты емес формасының бірі – сөзжұмбақтар құру және оны шешу. Кроссвордтарды қолдану, оларды құру және шешу, ойлау қабілетін, нақты оқуды, өз ойын логикалық тұрғыда жеткізуді дамытады: көп нәрсені еске түсіріп, анықтамалық, оқулықпен қолдануды, фантазиясын қолдануды дамытады. Жұмысты жеке, жұппен немесе топпен ұйымдастыруға болады.
Сөзжұмбақтар ғылыми терминологияның ашылуына көп көмегін тигізеді. Оқушыларға «керісінше» сөзжұмбақтар ұнайды. Алдын-ала толтырылған кроссвордтарға оқушылар сұрақтар ойластырады, өз сұрақтарын қорғау кезінде талдауға, салыстыруға үйренеді. Мұндай әдіс көп ақпарат алуға мүкіндік береді, себебі, мұғалім оны толықтырады, оған бейне фильмдер, көркем өнер туындыларын, газет қыиндыларын қосуы мүмкін.