ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды.
Соңғы уақытқа дейін деректер электрондық кестелермен немесе деректер қорымен шектелді әрі бар лығы өте рет ті және ұқыпты болды. Жолдар мен бағандарға орналастыруға келмей-тіндердің барлығы жұмыс істеу үшін тым қи ын деп есептеліп, еленбеді. Алайда ақпарат сақ тау саласындағы прогресс әртүрлі деректің көп санын тіркеп, сақтап, өңдеуге қол жеткізді. Нәти-жесінде қазіргі таңда «деректер»ұғымына деректер қорынан бастап, фотосуреттер, бейнелер, дыбыс жазбалары, жазбаша мәтіндер және датчиктердің деректеріне дейін кіреді. Үне мі өсіп келе жатқан ақпарат ағынын бірнеше жыл бұрын елестету де мүмкін болмаған жолмен пайдалана алатынымызды білді-реді. Бүгінде компаниялар клиенттер дің нақты санаттарының қандай затты, қашан сатып алуды қалайтынын болжай ала-ды. Big Data сондай-ақ компанияларға өз қызметін әлдеқайда тиімді орындауға көмектеседі.
Термин экономикада, банк қызметінде, өн дірісте, мар ке-тингте, телекоммуникацияда, web-талдауда, медицинада және т.б. деректер ағынының жылдамдығының артуы тұрақты болатын, сапалы үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істейтін ірі салаларда қолданылады.
Мысалы, Нью-Йорк қор биржасы күн сайын өткен сессия бойынша сауда-саттық туралы 1 терабайт деректер жасайды.