Биіктігі 60 см гимнастикалық бөренеден асып түсу



Дата06.07.2018
өлшемі48,83 Kb.
#47852
Тақырыптық жоспар









1

Биіктігі 60 см гимнастикалық бөренеден асып түсу.





2

Санның үлесін және үлесі бойынша санды табу.





3

Дені саудың-жаны сау.




4

Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.




5

10-ға, 100-ге, 1000-ға ауызша көбейту және бөлу






6

«ӨтӨткенді пысықтау.





Сынып: 2 «в»

Өткізілген жері: Спорт зал

Өткізілген күні: 22.10.2014

Сабақтың тақырыбы: Биіктігі 60 см гимнастикалық бөренеден асып түсу.



Білімділік: Оқушыларға гимнастикалық бөренеде жүрудің түрлерін үйрету.

Дамытушылық: Қозғалыс белсенділігін білім негізінде қалыптастыру, тепе-теңдік жаттығуларын дамыта үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын сақтауға баулу.

Сабақтың әдісі: жаппай, топпен.

Құрал-жабдықтар: бөрене, ысқырық, секундамер, гимнастикалық құрал-жабдықтар.



Мазмұны

Мөлшері

уақыты


Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлімі

20




1.Сапқа тұрғызу. Рапорт беру.

Амандасу


Тізім бойынша тексеру

Сабақтың тақырыбын түсіндіру


2. Саптық жаттығулар

- сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар.

- бір қатардан екі қатарға тұру.

3. Жүру.


  • Аяқтың ұшымен қол жоғарыда.

  • Қол желкеде, өкшемен жүру.

  • Қол желкеде табанның сыртымен жүру.

  • Қол белде табанның ішімен жүру.

  • Қол белде аяқты қайшылап жүру.

4. Жүгіру.

  • Тізені көтере жүгіру.

  • Өкшені артқа көтере жүгіру.

  • Сол жақ иықтан секіре жүгіру.

  • Оң жақ иықтан секіре жүгіру.

  • Қол белде тік аяқты алға сермеп жүгіру.

  • Қол желкеде тік аяқты артқа сермеп жүгіру.

5. Жүгірудегі дене жаттығулары

  • Б.қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды ауыстырып отырамыз.

  • Б.қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан артқа тарту және жаза тарту.

  • Б.қ. қол иықта, қолды иықтан алдыға артқа айналдыру.

  • Б.қ. қол белде, 1-алға еңкею сол аяқты өкшеден қою. 2-қол белде артқа шалқаю. 3-4 денемізді сол жаққа, оң жаққа иеміз.

6. Ж.Д.Ж. орнында.

Б.қ. қол белде басты 4 рет сол жаққа айналдыру, 4 рет оң жаққа айналдыру.

1. Б.қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде.

1-2 сол жаққа еңкею, 3-4 оң жаққа денемізді созамыз.

2. Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде.

1-сол аяққа еңкейеміз, 2- ортаға еңкею, 3-оң аяққа еңкею, 4-бастапқы қалыпқа келеміз.

3. Б.қ. қол белде аяқ иық көлемінде. 1- қол жоғарыда, 2-алға еңкею, 3-қол алдыда отыру, 4- бастапқы қалыпқа келеміз.

4. Сол аяқ алдыда оң аяқ артта қол тізеде. 1-2-3-сол аяққа қарай отыру, 4-секіріп аяқты ауыстыру.



3

5

2



3

2

5-6рет



5-6рет

5-6рет


5-6рет

5-6рет


5-6рет

5-6рет


5-6рет

5-6рет



Саптал, түзел, тік тұр,

Кезекші рапорты:

Рет-ретімен санау

1,2 санал, 1,2,3 санал

Техника қауіпсіздігі.

Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:




  • бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірін қорғау және бірінші көмек көрсету.

  • спорттық форманы қарау.

Қол жанында, арқасын түзу ұстау, алға еңкеймеу.

Қол жоғарыда жоғары созылу арқаны түзу ұстау, шынтақты ашу. Алдыға еңкеймеу, тізені жакындата сәл отыру.

Қолдың дұрыс қимылына көңіл бөлу, тізені жоғары көтере қол белде. Аяқты тізеден қатты бүге өкшені артқа лақтыру. Қол белде, алға қарап жанмен секіре жүгіру.

Қол тік артқа қаттырақ тарту.

Қолды бүкпеу және алдыға еңкею.

Шынтақты төмен түсірмеу, қолды жанына тарту арқаны тік ұстау.

Амплитудалық айналымды көбейту.

Мұғалімнің санауы бойынша.

Бәрі бірдей жасауын қадағалау.

Дененің тік болуын және тепе-теңдікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.

Қаттырақ бұрылу тізені бүкпей.

Денені тік ұстау, арттағы аяқтың созылуын қадағалау және тізенің бүгілмеуін қадағалау.





Негізгі бөлім

22




Оқушыларды 1сапқа тұрғызу.

  1. Тепе-теңдік жаттығуларын үйрету.

  2. Гимнастикалық скамейкадан секіру;

  3. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.

  4. Ағаш аттан аттау

  5. Гимнастикалық төсеніште артқа домалау.

  6. Тепе-теңдік сақтап жүру.

  7. Гимнастикалық қабырғада мініп түсу. Жаттығуларын жасату.

  8. Демді қалыпқа келтіру жаттығуларын жасатып 3 топқа бөлу. Оқушылар тұрып қалмай, дұрыс жасауын қадағалау.

  1. Тартыла скеіріп, аяқты ашып міну.

  2. Шалқаю.

  3. Қолын алыстан ұстап жабдықтың үстінде отыру.

  4. Қарлығаш жасау.

  5. Бұрыш жасау.

  6. 90о – қа айналып секіріп түсу, жаттығуларын жетілдіру.

Жаттығуларды қауіпсіздік ережесін сақтап, сыныптасының, мұғалімнің көмегімен жасауын қадағалау.

5

10

7



Тепе-теңдік жаттығуларын жасаған кезде абай болу керек.

Үлкен ағаш аттан секірген кезде, техника қауіпсіздігін сақтау керек.

Балалар екі топқа бөлініп, бір топ ортада, екінші топ екіге бөлініп, бірінші топтың балаларын ортаға алып доппен ұрып шығару керек.





Аяқтау бөлімі

3




Қалыпқа келтіру.

Сапқа тұрғызу.

Бағалау, үйге тапсырма беру.

Қоштасу, киінуге жіберу.



1

1

1



Мұрынмен демалу ауызбен дем шығару.

Саптал, түзел, тік тұр.

Әркімнің қателігіне қарай.




Пәні: Математика

Мерзімі: 24.10.2014жыл

Сыныбы:3«Ә»

Тақырыбы: « Санның үлесін және үлесі бойынша санды табу».



Мақсаты: Сан бойынша үлесті, үлес бойынша санды табу туралы білім қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділігі:Санның үлесін және санды табуға берілген есептерді шығаруды меңгеру.

Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды шыдамдылыққа, сауаттылыққа, шапшаң ойлап, есептеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекілігі: тірек қағаздар, суреттер, дайын фигуралар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесемін. Сыныптағы оқушыларды түгендеймін. Олардың сабаққа дайындығын тексеремін.

Мен оқушыларға бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз:«Санның үлесін және үлесі бойынша санды табу», деп айтып өтемін.

Психологиялық дайындық.
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз.
Есептерді шығарып,
Біз білімді боламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

72 беттегі №5,№6 есептерді тексеру.



III. Жаңа сабаққа кіріспе:

Үлес ұғымы жайлы мәлімет беріп өту және сурет арқылы оқушыларға сұрақ қою.



IV. Жаңа сабақ:

Машықкер дөңгелектің және шаршының үлгісін бүгу арқылы 2 және 4 теңдей бөлікке бөліп, бір бөлігін көрсетеді. Оқушылар қандай бөлігін көріп отырғандықтарын айтады. Олардың түсінгендерін тексеру мақсатында оқушылармен практикалық жұмыс жүргізіледі.

Тапсырма орындалып болған соң оқушыларды мадақтаймын.

V.Сабақты бекіту:

Көрнекілікпен жұмыс.

1 есеп.

Балалар тәтті ораманы теңдей бөліктерге бөлді. Балалардың саны қанша? Әрқайсысына қандай үлестен келетінін кесте бойынша анықта.

Оқулықпен жұмыс.

2есеп.

Әрбір жолақтың ұзындығы неше?

Жолақ неше теңдей бөлікке бөлінген?

Жолақтың бір үлесінің ұзындығын өлше.

Сен өлшемей оның бір үлесінің ұзындығын біле алар ма едің?

3 есеп.

Кесіндінің бір бөлігінің ұзындығын өлше.

Тұтас кесінді теңдей неше бөлікке бөлінген?

Оның бір үлесінің ұзындығын біле отырып, кесіндінің тұтас ұзындығын қалай білуге болады?

4 есеп.

А) Қарбыздың массасы-8 кг

Қарбыздың жарты массасы-? кг

Шешуі: 8:2=4

Жауабы: жарты қарбыздың массасы 4 кг.

Ә) Жарты қарбыздың массасы-4 кг

Тұтас қарбыздың массасы-? кг

Шешуі: 4*2=8

Жауабы: тұтас қарбыздың массасы 8 кг.

5 есеп.

А) Алманың ширегі-4 кг

Толы жәшікте-? кг

Шешуі:4*4=16

Жауабы:Толы жәшікте 16 кг алма бар.

Ә) Жәшікте-16 кг

Пайдаланылды-1/4бөлігі

Алынды-? кг

Шешуі: 16:4=4

Жауабы: жәшіктен 4 кг алма алынды.

VI. Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,


Жел алдымнан еседі.
Кіп – кішкентай балалар,
Үп – үлкен боп өседі.

VII.Қорытынды.

«Тез тауып айт, бөгелмей»ойыны

Қызықты есептер.



  1. Бір алманың салмағы 40 грамм болса, оның ½ бөлігі нешеге тең, ал ¼ бөлігі ше?

  2. Дөңгелектің төртке теңдей бөлінген бөліктерінің бір бөлігі қалай аталады?

  3. Қауынның массасы 10 кг болса, жарты қауынның массасы нешеге тең?

  4. 10 см кесіндіні теңдей 2 см-ден бөлетін болсақ неше бөлік шығады?

Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:

  • Бүгінгі тақырыпты толық түсіндіңіздерме?

  • Үлес ұғымы жайлы не түсіндіңіздер?

  • Есептердің шығарылу жолдарын түсіндіңіздер ме?

VIII. Бағалау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



IX. Үйге тапсырма.

74-75 беттегі №6 №7 есептер.



Мерзімі: 27.10.2014 жыл

Сыныбы: 2 «В»

Сабақтың тақырыбы: « Дені саудың-жаны сау»



Сабақтың мақсаты: Балалардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылығы: Денсаулықты сақтау, нығайту, қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелігі: Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Ой қозғау, топтастыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, суреттер, нақыл сөздер, қабырға газеті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесемін. Балалардың көңіл-күйлерін сұраймын.

Психологиялық дайындық:

Күлімдеген күн бүгін де,

Қарады маған да.

Күлімдеген күн бүгін де,

Қарады саған да.

Күлімдеген күн бүгін де,

Қарады баршаға!

Машықкер:

- Біз бүгін денсаулықты сақтау құпияларымен танысамыз. Балалар біздің бірінші аялдамамыз – «Таза ауа» деп аталады. Таза ауа адамның тыныс алуына қажетті оттегін жеткізеді, дұрыс өсуіне көмектеседі. Таза ауа- денсаулықты сақтаудың бірінші құпиясы. Табиғат таза болса, ауа таза болады. Сондықтан да табиғатты сүю жанға саулық береді.

Басты байлық денсаулық,

Бабаң айтқан даналық.

Ол үшін көп қозғалып,

Таза ауа жұт көбірек.



«Тапқырлық» сайысы.

Мақал-мәтелдерді аяқтау.



  1. Денсаулық-................( зор байлық )

  2. Тәні саудың-............... ( жаны сау )

  3. Емнің алды-................( еңбек)

  4. Тазалық-саулық негізі, саулық- ............... негізі. (байлық).

  5. Шынықсаң-................ (шымыр боларсың)

  6. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ............ ізде. (жол)

  7. Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса ........... (ауызыңды тый)

  8. Жан ауырса тән азады, қайғы басса жан (азады)

  9. «........... қадірін ауырғанда білерсің» (денсаулық)

  10. «........... жасырған өледі» (ауруын)

ІІ. Мағынаны тану

« Дені саудың-жаны сау» халық даналығын балаларға ұғындыру. Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек. «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі».



Машықкер:

-Балалар, біздің келесі аялдамамыз « Спорт-біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы-спорт. Спорт арқылы денемізді шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады. Спорт жайында кім қандай тақпақ біледі?



ІІІ. Бәйге сайысы

Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,

Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.


  1. Пайдалы тағамдар / айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз.

  2. Пайдасыз тағамдар/ фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока-кола.

  3. Зиянды әдеттерді атаңдар? Темекі шегу, қолды аузына салу.

  4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? 7+1+5

  5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиадасының чемпионы, алтын жүлдегері кім? Серік Сәпиев

  6. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? Көкпар, қыз қуу, асық ату, т.б.

  7. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)

ІV. Ой толғаныс

-Келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы жан сұлулығы жайында кім не айтады?

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.



Балаларға сұрақ:

-Жаның сұлу болуы үшін не істеу керек?

-Спортпен шұғылдану не үшін керек?

-Өздеріңе спорттың қандай түрі ұнайды?



V. «Жұмбақ сайысы»

1. Ертемен күнде сен,

Қолыңды сүйкесең.

Кетіп кір-ласың,

Тап-таза боласың

Бұл не?


(сабын)

2. Аузы жоқ, көзі жоқ,

Тілі жоқ, көзі жоқ.

Бірақта тісі бар

Басыңмен ісі бар

Бұл не?


(тарақ)

3. Ақ қарда тек тұрмадым,

Қос тақтаймен зырладым.

(Шаңғы)

4. Аяқтарым қалтылдап,

Қос тай міндім жалтылдақ.

Шапса жұбын жазбайды,

Бір-бірінен озбайды.

( коньки)

5. Иілсең иіліп,

Түйілсең түйіліп.

Қарайды кісіге

Ұқыпты ісіне

Бұл не?


( айна)

6. Шомылған баланы,

Аймалап алады.

Сипайды қолын да,

Сипайды жонын да.

Бұл не?


(Сүлгі)

  1. Бір атым бар,

Құлын болып тумаған.

Құнан болып өспеген.

( Велосипед)

VI. « Шығармашылық тапсырма» берілген суреттерден коллаж жасау.

VII. Қабырға газетіндегі денсаулықтың досы мен дұшпанын ажырату.

Денсаулықтың достары:



  • Спорт

  • Көңілді жүру

  • Демалу

  • Дұрыс ұйқы

  • Шынығу

  • Тазалық

Денсаулықтың дұшпандары:

  • Дұрыс тамақтанбау

  • Зиянды әдеттер

  • Жалқаулық

  • Салақтық

  • Күн тәртібін сақтамау

  • Ашушаңдық

ІV. Қорытынды:

-Балалар, біздің соңғы аялдамамыз-«Жақсылық кені» аялдамасы деп аталады. Жақсылық-жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де-денсаулықтың құпиясы.Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл аялдамаға тоқтау арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік.



3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік-есептерді әр түрлі тәсілдермен шығару (тәсілдерін), дағдыларын қалыптастыру, үш таңбалы сандармен жазбаша есептерге қатысты білімдерін бекіту.

2.Дамытушылық-есептеу және есте сақтау, логикалық ой-өрістерін дамыту.

3.Тәрбиелік-жылдам, шапшаң ойлап есептей білуге үйрету өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес

Сабақтың типі:ойын сабағы

Әдіс-тәсілі: қайталау, сұрақ-жауап, ойын элементерімен  көрнекілік қолдану

Сабақтың көрнекілігі: ойын элементтеріне керекті жабдықтар, қима қағаздар, Азиада эмблемасы, кестелер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет;

Сабақтың барысы

І.Психологиялық көңіл-күйі

-Балалар, сендер теледидардан жаңалықтарды көріп, естисіңдер ме?

-2011жылы қаңтар айының соңына қарай қандай спорттық ойындар  өткізілді?

(VII Қысқы Азия ойындары)

-Дұрыс балалар! Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз  осы Азиадаға байланысты өтеді.

(Балалармен қысқаша әңгіме өткізу. Алау, шеру жөнінде)

 Бұл Азиада ойындары біздің елде, Қазақстанда өтті. Оған 27 елдің спортшылары қатысты. VII Қысқы Азия ойындары 30 қаңтарда басталып 6 ақпанға дейін жалғасты. Әл-Кувейт қаласында Азиада алауы жағылды. Олимпиада алауының эстафетасын сендер теледидардан көріп тамашаладыңдар.

Азиада алауын Қазақстанның құрметті, қадірлі, атақтары азаматтары алып жүреді.

Ал, сендер сол азаматтардың ізбасарлары, Қазақстанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан біз де «алау жағуды» сыныбымыздың озат, үлгілі, тәртіпті оқушыларына тапсырамыз.

Барлық сынып оқушылары  осы «алау шеруіне» қатысамыз. Өз білімдерімізді көрсетеміз.

«Алауды жағу»- (Алау орнына сырты алау пішініне келтірілген қалта шамы қолданылады.)

Алау шеруін «бір қаладан екінші қалаға апару үшін тапсырмаларды өте жақсы орындауымыз керек. (Әрбір партада қала аттары жазылған плакат)



ІІ.1 тапсырма- Алматы

Ауызша №1, 16 бет оқулықтан

 

 

20*4


6*20

9*20


30*20

100*7


 

630:70


400:200

810:9


900:10

320:40


 

50*20


8*20

6*100


3*200

70*2


 

 

2 тапсырма (Көкшетау)

№2 Әр өрнекке ыңғайлы тәсіл іздеп тап:



(6+2)*30

(60+30)*5

(100+100)*4

(3+4)*20

(70+20)*9

(200+300)*2

3 тапсырма (Қызылорда)

Мәселе есеп №3

а.ауызша

б.жазбаша (тақтада)

  Сергіту сәтін өткізу.

Есептедік, шаршадық,

Отырайық, тұрайық.,
Орнымыздан тұрайық.

Соқтығысып қалмайық.


Қимылдатып аяқты,

Сәл дем алып алған соң


Шапалақты ұрайық.

Жазуды қайда шығарайық.



4-тапсырма (Ақтөбе)

№4, 17 бет оқулықтан



  456

+235


 

  456

+399


 400

-312


 505

-  65


  324

+676


  446

+312


 323

-122


  654

   -79


 

5 тапсырма Өзіндік жұмыс (Қарағанды)

Жасыл, көк, қызыл фигуралардың периметрін және аудандарын анықтау.

Р-? S-?

жасыл

көк

қызыл

а=2см

в=6см


р=2*2+6*2=16см

s=2см*6см=12см2



а=2см

в=4см


р=2*2+4*2=12см

s=2см*4см=8см2



а=4см

в=4см


р=2*4см+2*4см=16см

s=4*4=16см2

 


 

6 тапсырма (Атырау)

Ауызша №6-а,ә

 1-2 баған

7 тапсырма (Астана)  

52+16=41

32+102=109

92+72=130

32+9=18

102+52=152

32*9=81

92-62=45

32+42=25

102-1=99

 

Әрбір қалаға келген сайын ол қала туралы қысқаша мәлімет айтылады.

Мысалы:

Астана-бас қала

Қарағанды- көмір қойнауы

Қызылорда-мақта, күрішімен әйгілі



ІІІ. Қорытынды- оқушылады бағалау

 -Міне, балалар біздің сабағымыз аяқталуға таяу.

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Сабақ маған да ұнады.

  ІV. Үйге тапсырма

№6-аяқтау

№8-18 бет

Көбейту кестесін қайталау.

4 сынып
Тақырыбы:
10-ға, 100-ге, 1000-ға ауызша көбейту және бөлу

Мақсаты: 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейтудің тәсілдерімен таныстыру; қозғалысқа берілген жай есептерді шешу, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:

• баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;


• математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға жөне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету;
• оқушының бойына қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтижесі

Берілген тапсырманы орындай отырып, зерттеу, зерттеу нәтижесін талдап, есептеулер жүргізеді, қорытынды жасап, дәлелдемелер келтіре алады, өзін, серіктестерін және сабақ барысын бағалай алады.


Түйінді түсініктер

Алгоритм, жылдамдық, қашықтық, уақыт, аудан, периметр.



Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері, модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Тапсырмалар мазмұны Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру

3 мин.
1.Амандасу;


2.Сабаққа себепті, себепсіз қатынаспай отырған оқушыларды анықтау;
3. Оқушыларды геометриялық таңдау арқылы 4 топқа бөліп отырғызу.
4. Бағалау критерийлерімен таныстыру. 1.Амандасу;
2. Кезекші оқушының ескертпелері;
3. Таңдаған геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлінеді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы);
4. Бағалау критерийлерімен танысады. Геометриялық фигуралар
салынған стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған фигуралар туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері және оқушының аты-жөні жазылған кесте беріледі. Формативті бағалау;


Уәж; ынталандыру. Геометриялық фигралары салынған үлестірмелі карточкалар

Пәні: Математика

Мерзімі: 30.10.2014 жыл

Сынып: 2"В"

Тақырыбы: «Өткенді пысықтау».



Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың білім деңгейін тексеру, алған білімдерін тиянақтау.

Дамытушылығы: Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын, түсіндіру, қайталау.

Сабақтың көрнекілігі: таратпа материалдар, ертегілер кейіпкерлері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-оқушылармен сәлемдесу;


- түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
- сабақтың мақсат - міндеттерімен таныстыру.

- Балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, оның ерекшелігі бүгін біз «ертегілер еліне» саяхат жасаймыз.

Біз саяхатқа шығу үшін алдымен үй жұмысын кім орындағаның тексеру қажет.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Балалар сендер ертегілерді жақсы білетіндеріңді және сол ертегілердің математикалық тапсырмаларын қаншалықты жақсы орындап, шығатындарыңды тексереміз.

- Қане кім айтады маған қандай ертегілерді білесіңдер?

- Жақсы олай болса қазір біз ана тілінен өткен ертегілерімізді есімізге түсіре отырып, солардың кейіпкерлеріне көмектесу арқылы математикадан көптеген есептер шығарамыз.

- Олай болса ертегілер әлеміне саяхатымызды бастаймыз.

- Балалар алдымен дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық.


1) Балалар бұл қандай ертегі? «Бауырсақ ертегісі»

- Балалар ертегі қалай басталатын еді....... Ендеше бауырсақты түлкіден құтылуына көмектесейік.

Түлкінің тапсырмасы: 1-есеп

16,15,17,14 сандары шығу үшін бірнеше жолдар арқылы карточкалар көмегімен құрастыру.

- Жақсы балалар сендер бұл тапсырманы тамаша орындап шықтыңдар.

2)"Балықшы мен балық"

Балалар ал бұл ертегі қалай басталатын еді? Олай болса балықты шалдан құтқарамызба?

Балықтың тапсырмасы: 2-есеп

Сызба бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.

- Балалар балықшы сендерге балықты бергісі келмей тұр. Сендерге тағыда бір тапсырманы орындаңдар дейді. Орындаймыз ба?

Тапсырма: Есепте

17-9 13-6-2 5+9 8+(9-1)

14-6 16-8+1 2+9 7+(6+2)

10-10 16-0-3 15+0 18-(0+9)



ІV.Сергіту сәті.

Соз қолыңды оң жаққа,


Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай


3)«Мақта қызбен мысық»

Мысықтың тапсырмасы: 5-есеп

Сурет бойынша есеп құрастыр.

- Балалар сендерді мақтақыз сендерегі тағы бір тапсырма дайындап қойыпты. Соны орындаймыз ба?

Тапсырма: Теңдеуді шеш

х+5=12 х-9=5 9+х=13 х-6=6



V. Қорытынды:

- балалар осымен біздің ертегілер еліне атты сабағымыз өз мәресіне жетті. Енді оқушылар сендердің алдарыңда екі көңіл - күй белгілері жатыр. Егерде сендерге бүгінгі ертегі кейіпкерлермен жұмыс істеу ұнаса, жымиып тұрған бейнені, ал егер ұнамаса мұңайып тұрған бейнені көтересіңдер.



VI. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: 53-54 бет, №4,6 есеп

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет