Биыл ауа-райы ылғалды болып тұр. Соның салдарынан өзеннің су деңгейі түсе қойған жоқ



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата12.09.2022
өлшемі6,99 Mb.
#149218
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
2c4bf94106f2d0d84a7a9ffb94f828a2
3 сынып КТЖ, 0186-16, рахат Нұртілеу Ақпараттық қауіпсіздік, !0;KABK@ 0;K 07, Силлабус Азаматтық құқық негіздері 22-23, 1. Екі таңбалы сандарды нөмірлеу, 1РискиСеминар 3
ТІЛШІ ТІРШІЛІГІ 
Әрбір істің артында бір қайыры бар. Жаңақорғандық Сыздықовтар әулеті 
үшін оразаның алғашқы күндері ауырға соқты. Әулеттің ұйытқысы, шаңырақтың 
шаттығы, «Батыр ана» Асма әжеміз ақіреттік сапарға аттанды. Жаратқанның жаз-
мышын сабырмен жеңе білген берекелі отбасы арада көп уақыт ұзамай, қуанышты 
хабардың басты кейіпкеріне айналды. Иә, әрбір істің артында бір жақсылығы бар 
деген осы болар. 
Бәрін басынан бастасақ. Қазақ қашанда отбасы татулығы мен бірлігіне айрықша 
мән берген. Оны қастерлі құндылық, қадірлі ұғым ретінде бағалаған. Оның бүгінгі 
айғағы, Елбасы жарлығымен 2013 жылдан бастап, «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы 
бұқараға жол тартты. Байқауға белсенді қатыса отырып, әуелі, аудан, одан әрі об-
лыс, соңыра республикаға жолдама алуға мол мүмкіндік бар. Міне, биыл осы Ұлттық 
конкурстың аудандық кезеңінен Сыздықовтар әулеті оза шауып, бас жүлдеге қол 
жеткізді. Енді міне, маусым айының жиырма үші күні облыс орталығынан сүйінші ха-
бар жетті. «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңінен Сыздықовтар 
әулеті жүлделі бірінші орынға қол жеткізіп, марапат биігінен көрінді. Облыс бой-
ынша 297 отбасы қатысқан байқауда бірінші орынға қол жеткізу лайықты жеңіс. 
Салтанатты шарада абыз ақсақал Әбілпатта атамыз аймақ басшысы Қырымбек 
Көшербаевтың қолынан жобаның арнайы ескерткішін алып «Дипломға» ие болды. 
Жазиралы Жаңақорған жеріндегі отбасының берік, өнегелі үлгісін облысқа паш ет-
кен жарасымды жанұяның қуанышында шек жоқ.
– Елге еткен елеулі еңбегімізді бағалап, өңір басшысы Қырымбек Елеуұлының 
қолынан марапат алдық. Бұл да болса, бізден кейінгі жас ұрпаққа өнеге. Жастай-
ымнан еңбекке ерте араластым. Әлі күнге қолымнан кетпенім түскен емес. Бұл 
жеңіс сол төккен маңдай тер мен еселі еңбектің нәтижесі деп білемін. Риясыз істің 
игілігі – үнемі ырыс алып келеді. Сондықтан, кейінгі буынға айтар ақылым – ата-
ананың қадірін біліп, еңбексүйгіш қасиетті бойына қалыптастыра білуі ләзім, – дейді 
қадірменді қария.
Иә, ақиқатында абыз ақсақалдың өнегелі өмірі көпке үлгі. Бүгінде, сексеннің 
сеңгіріне шыққан атамыз әлі де тың. Қолы қалт етсе болғаны ауладағы бау-бақшаның 
ішінен табылады. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп, тағы өсір», – деген нақыл 
сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған Әбілпатта атаның бұл салада еңбегі ерен. 
Еңбек жолын аудандағы санаторияның әскери госпиталында қарапайым жұмысшы 
болып бастап, кейіннен шойын жолдың бойында қызмет етті. Елу жылдық тарихы 
бар іргелі білім ордасы болып саналатын №3 мектеп интернатта ағаш ұстасы бо-
лып шәкірттерді еңбекке де баулыды. Зейнетке шыққанша «Сырдария» өзеніндегі 
қалқымалы көпірінде жұмысшы ретінде халық игілігіне өлшеусіз еңбек етті. Күн-
түн демей, қайнаған тіршіліктің басы-қасынан табылды. Зейнеткерлікке шыққаннан 
кейінде, қолынан кетпенін тастамай, су мұрабы болып, ауыл тұрғындарының 
алғысын арқалады. 
Ал, ардақты ана, әулеттің ұйытқысы бола білген Асма апамыз алтын құрсақты 
ана. Он ұл, төрт қызды дүниеге әкелген марқұм апамыз «Батыр ана», Алтын алқа» 
иегері еді. Отбасындағы тәлім-тәрбиеге баса назар аударған асыл әже бойындағы 
бар қасиетін ұл-қыздарына дарыта білді. Міне, өнегелі отбасының ерен үлгісін паш 
еткен ұрпағы бүгінде сан-салалы қызметтің тұтқасын ұстаған. 
Иә, отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі 
болып өсуіне берекелі әулеттің әсері мол. Сондықтан да баланы тәрбиелей оты-
рып, ұлтты тәрбиелейтінімізді ұмытпауымыз керек. Осы орайда, «Сегіз ұлым бір 
төбе, Ертөстігім бір төбе» демекші, он оғланның арасында Әбілхайыр Сыздықовтың 
орны ерек. Жастайынан қасиетті қара домбыраны жанына серік етіп, Сыр елінің 
айтулы айтыскер ақынына айналды. Еліміздің түпкір-түпкірінде өткен аламан ай-
тыста оза шауып, Манап ақынның ізбасары ретінде дүйім жұртқа танымал. Әкенің 
адал еңбегімен ананың ақ сүтінен дарыған қасиет Әбілхайырды арқалы ақынға 
айналдырды. Халықтың сүйіктісіне айнала жүріп, аудандық мәслихаттың депута-
ты қызметінде абыройлы атқарды. Әрине, жеткен жетістіктері мен жеңген додала-
рын санамаласақ, тауыса алмайтынымыз сөзсіз. Сондықтан да айтыскер ақынның 
кеудесіне тағылған төсбелгілерді тізбестесек. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалінің 
иегері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. Әр жылдары «Қазақстан 
Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қызылорда облысының 70 жылдығы», 
«Қызылорда қаласына-190 жыл» мерекелік медальдің лайықты иесі атанды. 
Міне, осылайша әкенің ұлы емес, халықтың ұлы атанған Әбілхайыр ағаның 
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауын ұйымдастырушы тарапқа айтар алғысы зор. 
Иә, біз бар болғаны түтіні түзу, берекелі отбасының бір бөлігін ғана сөз 
еттік. Қазіргі күні мәуелі бәйтеректей тамырын тереңге тартып, жапырақ жайған 
Сыздықовтар әулетінің берекелі бірлігі көпке үлгі. «Адам ұрпағымен мың жасайды» 
демекші, он ұл, төрт қыздан өрбіген 46 немере, 24 шөбере Әбілпатта атамыздың көз 
қуанышы. Шөберенің де алды он сегізге толып, шаңырақ шаттығын асқақтатуда. 
Түйіндей келгенде, ынтымағы мығым, тату отбасының үлгісін кеңінен насихат-
тауда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының орны айрықша. Мұндай игі шаралар 
отбасы институтын нығайтып, ұлттық құндылықтардың ұлықталуына жол ашады. 
Жарасымды жұптарға қарап, өскелең жастар бой түзейді. Түсіне білген адам үшін 
үлкен тәрбиенің көзі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет