2.Алгоритмнің блок – схемалық сипаттау әдісі
Блок–схема – алгоритмнің орындалуын ұйымдастыру үшін қолданылатын амалдар тізбегінің графиктік кескіні.Ол белгілі бір геометриялық фигуралардың көмегімен жасалады.Мысалы: сопақтау келген шеңбер – алгоритмнің басы және соңы, трапеция – айнымалыларды енгізу, тіктөртбұрыш – арифметикалық амалдарды орындаушы, ромб – кез-келген шартты тексеруші және циклдың басы,қорытындылау, нәтижені баспаға алу, бағынышты бағдарламаны шақыру, анықтама, ішкі бағдарламалардағы формулалардың түсініктемесі үшін қолданылатынблок белгілері бар.Фигуралар бір-бірімен бағыттауыштар арқылы жалғасады.Әрбір фигура ішінде орындалатын амалдар көрсетіледі де, олар амалдар блогы деп аталады.Блоктар ішінде орындалатын функцияларды сипаттайтын ақпарат көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |