2.NumPy – кітапханасының қызметі NumPy кітапханасы көп өлшемді массивтермен жұмыс істеу үшін оңтайландырылған есептеу алгоритмдерін (функциялар мен операторлар түрінде) жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Python-да Numpy кітапханасы сандық массивтермен, векторлармен және матрицалармен жұмыс істеу үшін қажет, сонымен қатар Графиктер мен гистограммаларды құруға мүмкіндік береді.
NumPy (Numerical Python сөзінің қысқартылғаны) Python бағдарламалау тіліне арналған ашық бастапқы кітапхана болып табылады. Мүмкіндіктері:көпөлшемді массивтерді (соның ішінде матрицаларды) қолдау;көпөлшемді массивтермен жұмыс істеуге арналған жоғары деңгейлі математикалық функцияларды қолдау.