Билет-25 1.Жолмен, файлмен жұмыс Файл дегеніміз – мәліметтер сақтауға арналған сыртқы тасымалдаушыдағы жадының ат қойылған аймағы (бөлігі).File (ағылшын тілінен аударылғанда) бума, іс қағаздар жинағы, сонымен қатар ақпаратты сақтау деген мағынаны білдіреді.
Типтері бойынша файлдар шартты тұрде үш түрге бөлінеді:
мәтіндік файл;
типтік файл;
типтік емес файл.
Жол – мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған мәлімет түрі. Жолда кездейсоқ ұзын мәтін болуы да мүмкін.
2.Python, PythonXY. Графикамен жұмыс Python - жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. Python тілі аз синтаксисті талап етеді.
PythonXY- сандық есептеулер, деректерді талдау және визуализациялау үшін кітапханалар мен бағдарламалық қамтамасыздандыру жиынтығы
Графикамен жұмыс - графикамен жұмыс-дербес компьютерді пайдаланудың кең тараған түрлерінің бірі. Бюджеті шектелген шағын мекемелер мұны көбінесе өз күштерімен және тиімді программалық құралдардың көмегімен шешеді.