Байланысты: Билет №1 Далалық өркениет, оның түркі, қазақ әдебиетіне әсері ту-emirsaba.org
2. “Түрікмен шежіресіндегі” жырау поэзиясына байланысты материалдың маңызы мен қазақ хандары туралы мәліметтер құндылығын баяндаңыз. Әбілғазы жазған екі шежіре сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Олардың бірі - «Түркімен шежіресі»: “Шежіре-и Тарахима” (“Түрікмен шежіресі”, 1661 жылы) атты тарихи шығарма шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды. «Түрікмен шежіресіне», оның тілдік ерекшеліктеріне арналған. Автор мұнда шығарманың 7 көшірмесінің негізінде оның сыни мәтінін құрастырып, орысша аудармасын және грамматикалық очеркін береді.Бұл еңбек көркем шығарма емес. Дегенмен «Шежіренің» кей тұстарында, әсіресе белгілі халықтардың өмір тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсылы-жаманды істері туралы сөз болғанда, аңыз-әпсаналар, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер жиі бой көрсетіп отырады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/34688/? «Түрік шежіресінде» Адам атадан бастап, Шыңғыс ханға дейінгі және одан кейінгі дәуірлерде Орта Азия мен қыпшақ даласыңда, Таяу Шығыста болған сан қилы тарихи оқиғалар жүйелі түрде баяндалады. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары шежіресін сөз ете отырып. Әбілғазы негізінен түркі тектес халықтардың тарихына көбірек назараударған. Онда түркі-моңғол тайпалары және Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің автордың өзіне дейінгі тарихы қамтылады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). “Шежіре-и Түрктің” кіріспесінде авторөзінің 3 өнерді жете меңгергенін, соның бірі ретінде “бұрын Арабстан, Иран, Тұран, Моңғолияны билеген патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-уақты оқиғаларды жатқа білетінін” айтады. Шығарма 9 тарау мен алғыс сөзден тұрады. Әбілғазы аталмыш еңбекті жазарда өзінен бұрынғы түркі, парсы тілдеріндегі тарихи деректерді кеңінен пайдаланған. Әсіресе, Рашид әд-Дин, Шараф әд-Дин сияқты Шығыс ғұламаларының еңбектерін кеңінен пайдаланып, керек жерінде тиісті сілтемелер жасап отырған. “Шежіре-и Түркте” қазақ халқын құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен оларды билеуші хандардың Шыңғыс ханмен арадағы қарым-қатынасы кеңінен сөз болады. Шығарманың кей тұстарында белгілі халықтардың өмір-тіршілігі мен тарихи тұлғалардың мінез-құлқы, істеген жақсы-жаманды істері туралы айтқанда аңыз әнгімелер, небір бейнелі сөз тіркестері мен мақал-мәтелдер бой көрсетіп отырады. “Шежіре-и Түрк” тілдік жағынан да өте маңызды. Өйткені Әбілғазы өз шығармасын “бес жасар ұлан түсінерліктей таза түркі тілінде” жазғанын ескертеді. Шығарманың грамматикалық құрылысы түркі тілі заңдылығын қатаң сақтаған. Автор түркі, парсы, [[]]араб және моңғол тілдерін жақсы білген. Ру, жер-су, адам аттарына этимологиялық талдау да беріп отырған. Мұндай түсінік берген сөздерінің өзін үшке бөліп қа-рауға болады: 1) моңғол сөздерін түркіше түсіндіруі; 2) араб, парсы сөздерінің мағынасын ашуы; 3) көне түркі сөздеріне берген түсініктемелері. “Шежіре-и Түрктің бірінші тарауы — құдай тағаланың адамды жаратқаны туралы; екіншісі — моңғол хандарының Шыңғыс ханға дейінгі ұрпақтары жайында баяндайды. Мұнда сондай-ақ Оғыз ханның әскери жорықтары мен ұрпақтарының тарихы да берілген. Үшінші тарау —Шыңғыс ханға; төртіншісі — Үгедей хан мен басқалардың билігіне; бесіншісі — Шағатай әулетінің Мауераннахр мен Қашқардағы билік жүргізуіне; алтыншысы — Шыңғыс ханның кенже баласы Төле хан тұқымынанИран жұртын билегендерге; жетіншісі — Дешті Қыпшақты билеген Жошы хан әулетіне, сегізінші — Шайбан (Шибан) әулетінен Қазақ, Қырым хандықтары және Мауераннахрда билік құрғандарға; тоғызыншысы — Хорезмді билеген патшалардың тарихына арналған. “Шежіре-и Түрк” ғылым дүниесіне 18 ғ-дың бас кезінде мәлім болды. Бұл шығарманың бір көшірмесін Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл қаласынан тауып, оны Бұхара ахунына орыс тіліне аудартқан
http://emirsaba.org