Жеке тұлғаның бұзылысын зерттеуге арналған әдістер мен әдістемелер.
БИЛЕТ № 13
Ерте балалық шақтағы аутизм.
ЕБА аутизмі диагнозі бар балаларының көпшілігінде орталық жүйке жүйесі органикалық бұзылыстарының белгілері табылатын, алайда оның пайда болуын және квалификациясын табу қиын.
Психогенді фактор АҚШ-та және Батыс Еуропада психоаналитикалық ыңғай негізінде қарастырады. Отандық әдебиеттерде психогендік фактор ықтимал, бірақ оның формаларының нақты сипаттамалары жоқ делінген. Аутизм ауытқушылығы бар тұлғалардың клиникалық-психологиялық-педагогикалық картинасы күрделі, көптүрлі және психикалық дамудың ауытқушылықтарына қарағанда өзгеше. ЕБА-синдромының негізгі белгілері Л.Каннердің айтуынша, симптомдардың триадасынан тұрады.
1.Аутистикалық уайымдары бар аутизм.
2.Стереотипті сезімі көрінетін элементтері бар біркелкі мінез-құлық.
3.Сөйлеу дамуында ауытқушылықтары бар.
Аутизм 3-5 жаста барынша айқын көрінеді және ерте жастағы оған тән сипаттар мыналар:
• аутизм бала көру бағдарын тұрақтандыра алмайды, әсіресе, өзге адамның бетіне қарап тұра алмайды.
• алғашқы күлімсіреу өзінің уақытында көрінсе де, біреуге нақты арналмайды.
• айналасындағылармен аутизм бала индиферентті қарым-қатынаста болады, қолға алғанды қаламайды, жиі төсегенде жатады, қолға бейімделмейді, қолайлы позаны таңдамайды.
• өзінің жақын адамдарын таниды, бірақ жеткілікті түрде жағымды қарым-қатынас реакциясын көрсетпейді.
• дискомфорт жағдайына да түрліше қарым-қатынаста аутизм бала мүлдем жақтырмайды немесе бейтарап қатынаста болады.
• өзге адамдарға деген қарым-қатынас қажеттілігі әртүрлі кей жағдайда бала оған өз қажеттілігін сезінбейді немесе қарым- қатынастан қашуға ұмтылады.
Мұндай балалардың мінез-құлқына мыналар тән өзгермейтін тұрақтылықты сақтауға тырысады, сырттай мазасыздану, қорқыныштар. Олар суды құюды, құмды шашуды ұнатады. Белгілі зат пен құбылыстардан қорқады, мысалы: зат пен қолшатыр, электорлы шу, жұмсақ ойыншық және т.б. нәрселерден үрейленеді. Бұндай балалардың ойлаулары да әлсіз, сөйлеу тілінде бұзылыстар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |