Лейкопластырлық тарту сирек орындалады .Негізінен балалар тәжірибесінде қолданылады , өйткені оларға қаңқалық созуды жүргізуге болмайды .Аяқ сүйектері сынғанда ,оны Беллер шинасының үстіне қойып , созуды жүзеге асырады .Қаңқалық тартуды спицаларды , қапсырма шегелерді (скобаларды) және жай шегелерді пайдаланып жүргізеді .Жиі спицаны қолданады , ол дрель арқылы сүйектен өткізіліп , арнайы ( жебе тәрізді ) доғаға бекітіледі ( ЦИТО қапсырмасы).Сонымен қатар,мойын омыртқалары сынғанда Глиссон ілмегінің көмегімен тарту,кеуде және бел омыртқалары сынғанда таспалардың көмегімен тарту әдістері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |