Буын шығуын емдеудің екінші міндеті - буынды түзеткеннен кейін, буын ұштарының дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, бұл кезде иммобилизация орындалуы тиіс және буынға күшті ақырын түсіру керек.
Үшінші міндеті - буын қызметін тез арада қалпына келтіру, ол үшін
массаж, ванналар, физиотерапия және арнайы жаттығулар тағайындалады. Буында үнемі және жүйелі белсенді қозғалыстарды орындау, гематоманың тез сорылуына әсер етеді, жарақаттанған буын аймағындағы бұлшықеттер мен байламдардағы лимфа және қан айналымын жақсартады, ал ол өз кезегінде закымдалған тіндердің жазылуын тездетеді. Буын бұлшықеттеріне ерте күш түсіріп, көп қимылдау өте қауіпті және зиян болып табылады. Зақымдалған бұлшықеттер түсірілген күшке шыдай алмай, үйреншікті шығудың дамуының себепшісі болуы мүмкін.
Буынның шығуының кеш асқынулары: а) деформациялық артрит; б)
буын қапшығы мен айналасындағы жұмсақ тіндердің сүйектену үрдістері (оссификация); в) сүйектің буындық ұштарының декальцинациясы; г) сүйектің буындық ұштарының өліеттену үрдістері.
Буын қайта-қайта шыға берсе, үйреншікті шығуға ауысады. Олар иық пен самай-томенгі жақ буындарында жиі кездеседі.
Буынның үйреншікті шығуының радикальді емі - хирургиялық операция болып табылады. Оған буын капшығын тігу және бұлшықет пен шандыр пластикасын қолданып, босаған буынды бекіту операциялары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |