Төменгі жақтың екі жақтық шығуын орнына салу
Буындарды жергілікті жансыздандырғаннан кейін, науқасты стоматологиялық креслоға отырғызады да, басын бекітеді. Хирург өзінің
үлкен саусақтарын дәкемен орап, олармен азу тістерінен басып, калған
саусақтарымен төменгі жақты астынан ұстайды. Төменгі жақты төмен және алдыға қарай ығыстырып, буын бастарын, олардың шұнқырына жылжытады. Түзету кезінде «сырт» еткен дыбыс естіледі. Буынды орнына салғаннан кейін, оны 1,5-2 аптаға сакпанша таңғышымен бекітеді.
Шыққан буынды орнына салудың қиындығы шығудың түріне ғана емес,
сонымен қатар түзетуге дейінгі өткен уақытқа да байланысты болады. Бұл уақыт неғұрлым аз болса, соғұрлым буынды орнына салу жеңіл болады. Шығудың алғашқы уақыттарында бұлшықеттердің созылуы және босансуы оңай болғандықтан, буынды түзету қиындыққа соқпайды. Ал ұзақ уақыт өткеннен кейін, буын ұштарының екіншілік ығысуының салдарынан және бұлшықеттер тыртықтанып, дәнекер тініне ауысқандықтан, шыққан буынды орнына салу өте қиын болады. Бұл кезде дәнекер тінді түзілістердің және тыртықты жіпшелердің мәжбүрлі жыртылуы байқалады. Ескірген буынның шығуын әдепкі әдістермен, тіпті терең наркозбен жасалса да, кан шығармай түзету мүмкін емес.
Кейбір травматологтар ескірген буынның шығуын орнына салар алдында, 3.4 апта бойы үлкен күшпен созып тартуды колданады, мысалы - жамбас-сан буыны шыққанда. Бұлшыкеттерді осылай босаңсыту және созу буын түзетуді анағұрлым жеңілдетеді. Буынның шығуын орнынас алудың оперативті әдісінде буынның ойығы босатылып ашылады, жабыскан жерлері ажыратылады, содан соң сүйектің басын қысып тұрған бүріскен буын қапшықтары кесіліп алынады да, тыртықты жіпшелерді қиып (тартылып, жаншылған бұлшықеттердің бөліктері) сүйектің басын орнына салады. Егер буын қапшығы қатты өзгерістерге ұшыраса, бұлшықеттер тартылып тырықтанса, репозиция жасаудың қажеті жок. Мұндай жағдайларда сүйек басының резекциясын жасаған дұрыс, өйткені ол келешекте буын қозғалысының қалыптануына
мүмкіндік береді. Ескірген буын шығуының қанды репозициясы анкилозға және буын қозғалысының шектелуіне алып келеді. Әлсіз және кәрі (70 жастан аскан) адамдарда мұндай жағдайда экономды резекция жасап, буын қапшығын тіккен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |