Буын шыққанда көрсетілетін алғашқы көмек: анальгетиктерді енгізу; иммобилизация жасау; ашық буын шығуында асептикалық таңғыш салу.
Буыннын шығуын емдеу
Стационарда шыққан буынды орнына салу жергілікті және жалпы жансыздандырумен жүзеге асырылады. Буынның шығуы жаңа болса, жергілікті жансыздандыруды қолданады: Sol. Novocaini 2% - 40 мл-ін зақымдалған буынға енгізеді. Сан сүйегі шыққанда, асқынған және ескірген буын шығуында жалпы жансыздандыруды пайдаланады.
Емдеу кезінде үш міндет орындалады: шыққан буынды орнына салу,
салынған сүйекті қалыпты жағдайда ұстап бекіту, еңбекке жарамдылығын тездету.
Бірінші міндеті - шыққан буынды орнына салу барысында, сүйектің
басы буын сайына түскенде, «сырт» еткен дыбыс шығады, бұл сүйектің орнына түскендігіне ешқандай күмән келтірмейді. Науқас осы кезде өзін жеңіл сезінеді, деформация жоғалады, белсенді және енжар кимылдарды жасау мүмкіндігі туады. Түзету жасалғаннан соң, рентгенологиялық бакылау міндетті түрде жүргізілуі тиіс. Төменде жиі қолданылатын иык, жамбас-сан және төменгі жақтың шыққан буындарын орнына салу әдістері көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |