Үйреншікті буын шығуы әдетте, иық буынында дамиды және дұрыс емес емдеу нәтижесінде, яғни буынды жарақаттап салу кезінде, дұрыс бекітпегенде және бекіту уақыты аз болғанда пайда болады. Мұндай буын шығуы ешқандай күштің әсерінсіз, қалыпты қозғалыстың өзінде-ақ пайда болуы мүмкін.
Буын шығуының үш механизмі бар:
тікелей сыртқы күштің әсерінен;
жанама сыртқы күштің әсерінен;
бұлшықеттердің шектен тыс жиырылуының салдарынан.
Тікелей сыртқы күштің әсерінен сирек жағдайда пайда болады. Буынның шығуы көбіне жанама сыртқы күштің әсерінен (әдетте, аяқ-қолдың жазылып тұрған қалпында құлауынан) дамиды.
Буынның шығуы шар тәрізді буындарда жиі кездеседі.
Буынның шығуының үшінші механизмі өте сирек кездеседі, ол бұлшыкеттердің шектен тыс жиырылуынан болады. Бұл үшін қажет факторлар мынадай: байламдардың бос және әлсіз болуы, буындағы патологиялық өзгерістер. Осындай буын шығуының механизмі төменгі жақтың есінеу кезінде және иықтың - колды тез көтерудің нәтижесінде кездеседі.
Буынның шығуында буын капшығы, байламдар, айналасында
жаткан жұмсак тіндер, шеміршектер зақымдалады. Буын қапшығының
жыртылуының деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Жыртылған буын қапшығының бөлігі буын беттерімен кысылып, буынды орнына салғанда кедергі келтіреді. Буын айналасындағы бұлшыкеттер сүйек қабығы және сүйек төмпешігімен бірге жұлынуы мүмкін. Тамырлар сынықтардан гөрі, буын шыққанда жиі зақымдалады. Ұсақ тамырлардан қан көп ақпайды. Буын шыққанда қан кұйылу бірнеше күн өткеннен кейін анықталады. Нерв талшықтары да зақымдалуы мүмкін. Нервтердің жарақаты сезімталдықтың және қимылдың бұзылыстарымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |