Сүйектің басы жарақаттың сипатына байланысты әртүрлі бағытта
жылжуы (ығысуы) мүмкін. Ығысудың түрі буынның анатомиялық
ерекшеліктеріне, жарақат механизміне және жарақат кезіндегі аяқ-қолдың орналасу қалпына байланысты болады. Шыққан сүйек басының жылжуына құлап келе жатқан дене салмағымен бірге, бұлшықеттің жиырылуының салдарынан болатын екіншілік ығысу да қосылады.
Этиологиясына қарай туа біткен және жүре пайда болған (жарақаттық,
патологиялык, үйреншікті) деп ажыратылады.
Туа біткен буын шығуы ұрықтың дамуында бууын ұштарының және
байланысқан сүйектердің дұрыс емес дамуынан болады. Жиі кездесетіні
сан сүйегінің туа біткен шығуы (1000 нәрестеге 2-5 рет, қыздарда 5-7 рет
жиі кездеседі). Жиі - бір жақты, кейде - екі жақты буынның шығуы болады. Көбінесе, бұл патология бала жүре бастағанда ғана анықталады. Бұл жағдайда аяқтың ақсауы, буынның ойнақтауы, буындағы ауыру сезімі және аяқ-қолдың қысқаруы байқалады. Екі жақты буынның шығуына «үйрек жүрісі» тән.
Достарыңызбен бөлісу: |