Себеп-салдар салалас Сабақтың мақсаты



Дата20.12.2023
өлшемі55,7 Kb.
#197735
түріСабақ
Байланысты:
Себеп-салдар салалас
СОР 9-класс қазақ тілі 2-тоқсан №2, Адам.Қоғам.Құқық. 1 – сынып айналым. Жазбаша жұмыс

Себеп-салдар салалас

Сабақтың мақсаты:

  • қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындайды;
  • эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазады (аргументативті эссе).

Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.

  • Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар салалас дейміз.
  • Өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз деген шылаулар арқылы, сондай-ақ шылаусыз да жасалады.
  • 1. Мысалы, Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалды.

    2. Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді.


Себеп мәнді жай сөйлем
Салдар мәнді жай сөйлем
Салдар мәнді жай сөйлем
Себеп мәнді жай сөйлем
Сондықтан
Сол себепті
Өйткені
Себебі
Неге десеңіз

Мысалы,

  • Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген.
  • Сен танкіге үйренген адам едің, тракторға кетіп барасың.

Мысалы,

  • Кешен, кешен, кесене – қазақ ортасында қолданған сәулет өнерінің бір түрі, өйткені ерте заманда биік жерге жеке салған күмбездердің барлығы «кесене» деп аталған.
  • Жойқын алыптарды үңгірде, көрде тұрғызу – салт-сананың ең ескі түрінің бірі: үңгір – адам баласының ежелгі тұрағы.

Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы ажыратамыз.

Егер себеп мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлем себеп мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.

Мысалы,

  • Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. (Бірінші себеп мәнді сөйлем)
  • Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. (Бірінші салдар мәнді сөйлем)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет