Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
Диагностиасы.Клиникалық, биохимиялық қан анализі, иммунохроматографиялық әдіс және фекальды ПТР диагностикасы.
Емі. Диетотерапия (көмірсулардың түсуін шектеу);этиотропты әсер ету. құралдары (химиопрепарат);холеретикалық препараттарды қабылдау; иммунотерапия,шек дисбиозын жою (пробиотиктер).
Аскаридоз – жұмыр құртты аскаридамен (Ascaris lumbricoides) шакырылады.Ол қосжынысты.Аталықтарының ұзындығы 15-20 см, ал аналықтары 40 см -ге дейін жетеді.Адамның жіңішке ішегінде өмір сүреді,дамуында өте күрделі миграциялық айналымды өтеді және өмір сүру ұзақтығы бір жылдан аспайды.Адамға алиментарлы жолмен жұғады.Аскарида жіңішке ішектің шырышты қабығының беткей қабатының жасушаларымен және ішек бөліністерімен қоректенеді .Аскаридоздың патогенезінде екі кезеңді ажыратады :
ерте кезең - миграциялық ;
ішектік кезең .
Аскаридоздың ішектік кезеңінде патологиялық үрдіс жіңішке ішектің шырышты қабығының механикалық зақымдалуымен және гельминттердің зат алмасу өнімдерінің улы әсерімен сипатталады.Олар мынадай хирургиялық асқынулардың себепшісі болуы мүмкін:жедел ішектің түйілуі,ішектің тесілуі перитонит, аппендицит,дивертикулит,асқазан - ішектік қансыраулар.