Газды гангренаның емі. Науқасты бөлек , жарық, ауасы кең палатаға орналастырып , тәжірибелі медперсоналдың бақылауы қажет . Кешенді ем 3 тоттан құралады : 1. Арнайы (спецификалық ем жүргізу мақсатында , бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангренаның қоздырғыштарына қарсы 150.000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдeмaтиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 а . б . доза ) дәрігердің өзі немесе мейірбике дәрігердің бақылауымен науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді . Әрбір 100мл . сарысуды 100 – 400 мл . дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9 % ерітіндісімен араластырып қолданады . Бактериологиялық диагноз анықталғаннан кейін инфекцияны тудырған қоздырғышқа қарсы сарысумен ем жүргізеді.
2. Жедел хирургиялық операция үш түрге бөлінеді : а) Анаэробты инфекция ошағын кеңінен тіліп ашып , өліеттенген тіндерді әсіресе бұлшықеттерді алып тастау ; ә) ауыр , прогрессивті интоксикация дамыған жағдайда жгут салмай гелиотина тәсілімен (балтамен шапқандай) ампутация жасап , жараны тікпейді ; 6) аса асқынып кеткен жағдайда ампутация істелген аяқ , қолдың тіндеріне қосымша тiлiк жасау; в) операциядан кейін жараларды тотықтығыштар ерітіндісімен ( калий перманганаты , сутегінің асқын тотығы) көп мөлшерде жуып , 10 % натрий хлор, бактериофаг ерітінділерімен таңғыш салып , ауырған жердің қимылын шектеу . Бейспецификалық , дезинтоксикациялық ем жүргізу - науқасқа тәулігіне 4 литрге дейін натрий хлордың изотониялық ерітіндісін , глюкоза, қан, қан алмастырушы сұйықтықтарды құяды. Көп мөлшерде сұйықтық ішкізіп, жоғары калориялы тағамдармен тамақтандырады. Газды гангренада оксигенотерапия жүргізу үшін барокамераларды пайдаланады. Қажеттілігіне байланысты науқасқа тиісті симптоматикалық ем тағайындалады (жүрек гликозидтері, аналгетиктер, диуретиктер, тыныс алуды реттейтін аналептиктер т.б.) .
№5 билет.
Достарыңызбен бөлісу: |