Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


-Билет 1.Қан тобын анықтау тәсілі. Топтардың анықтау кезеңдегі мүмкін болатын қателіктер, олардың алдын алуы



бет221/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

44-Билет
1.Қан тобын анықтау тәсілі. Топтардың анықтау кезеңдегі мүмкін болатын қателіктер, олардың алдын алуы.
Қан топтары ұғымы адам қанындағы барлық генетикалық және тұқым қуалаушы факторларды қамтиды .
1. Жасушалық факторлар : эритроцитарлы , тест - эритроциттердің агглютинациясымен ерекшеленетін антиген - атидене реакциясымен анықталады ; эритроциттердің ферментті топтары ; тромбоциттер мен лейкоциттердің антигендері .
2. Қанның сары сулық топтары . Тәжірибелік трансфузиологияда қан топтары деп – эритроциттердің антигендерінің ( агглютиногендерінің ) әртүрлі үйлесуін айтады . Қан топтарының антигендері ата - анадан берілетін , өмір сүру уақытында өзгермейтін генетикалық белгі.270 эритроцит антигендері генетикалық мінездемеге ие және 4 жіктеудің біреуіне жатады:
1. Қан топтары жүйесі .
2. Қан топтары коллекциясы .
3. Сирек кездесетін антигендер ( 700 - шi сериялар ) .
4. Жиі кездесетін антигендер ( 901 - шi сериялар )

Қан топтарын ABO жүйесімен анықтау




Қан топтарын анықтау негізінде изогемагглютинация реакциясы жатыр . Қан топтарын стандартты сарысулардың ( қарапайым реакция ) және стандартты эритроциттердің ( екiленген немесе қиылысқан реакция ) көмегімен анықтайды . Қантобын қарапайымреакциямен анықтауда , келесізатар керек : стандартты гемагглютинациялық сарысулардың I ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) топтарының 2 түрлі серияларының жинағы , екі әртүрлі сериялы және бір ампула IV ( АВ ) топтың сарысуы ( ампуладағы сарысуларға таза құрғақ пипетка батырылады ) , натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі , таза құрғақ табақша , әйнектер , саусақтан кан алуға арналған залалсыздандырылған скарификаторлар , залалсыз мата , спирт . Анықтауды жарық жерде 15-25 ° С температурада өткізеді . Стандартты сарысулардың әрбір ампуласында қан тобы , сериясы , номері , жарамдылық уақыты , жасалған жері жазылған паспорт - этикеткасы болуы керек . Этикеткасыз ампуланы қолдануға тыйым салынады . Қан топтарын ABO жүйесімен анықтау үшін қолданылатын сарысуларды , түрлі - түсті бояумен шығарады : 1 ( 0 ) – түссіз ; II ( A ) – көгілдер ; III ( B ) – қызыл және IV ( 0 ) – сары түсті . Сәйкес келетін түстер этикеткада жолақпен беріледі : I ( O ) сарысуда жолақ жоқ ; П ( А ) сарысуда екі көк жолақ ; III ( B ) сарысыда үш қызыл жолақ және IV ( АВ ) сарысыда төрт сары жолақ бар . Сарысуларды 4-100С температурада сақтайды . Сарысу ашық түсті , мөлдір , ампуласы бұзылмаған болуы керек . Тұнбаның түсуі , таза емес болуы сарысудың жарамсыздығының белгісі . Сарысудың титрі 1:32 қатынасынан кем болмауы керек ; агглютинацияның алғашқы белгілері 30 секундтан кеш байқалмауы тиіс . Жарамдылық мерзімі өткен сарысуларды қолдануға болмайды . Сол па Табақшаны түрлі - түсті қаламмен 4 квадратқа бөледі де , сағат тілінің бағытымен квадраттарды I ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) деп белгілейді . Сәйкес квадраттарына пипеткамен сарысудың квадраттарды I ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) сериялы топтарының үлкен тамшысы тамызады . Саусакты спиртпен сүртіп , теріні скарификатормен теседі . Қанның бірінші тамшысын дәкемен сүртіп алады , қалғандарын әйнектің әр қырымен сарысу тамшысының жанына тамызып , содан кейін араластырады . Қанның тамшысы сарысудың тамшысынан 8-10 есе аз болуы керек . Одан кейін , табақшаны қозғалту арқылы қан мен сарысуды аралыстырады . Жуық нітижені 3 минуттан соң бағалайды , одан кейін натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің бір тамшысын барлық жерге тамызып , табақшаны шайқап аралыстырады да , 5 минуттан кейін агглютинация реакциясының соңғы нәтижесін бақылайды . Оң изогемагглютинация реакциясы болғанда , жабысқан эритроциттердің түйіршіктері натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін қосып араластырғанда ажырамайды . Теріс реакция кезінде табақшадағы сарысу тамшылары мөлдір , біріңғай қызғылт түсті , ұсақ түйіршіктерсіз болады . I ( O ) , ІІ ( А ) , ІІІ ( В ) топтағы стандартты сарысулардағы агглютинация реакциясының келесі комбинациясы болуы мүмкін : 1. Екі сериядағы барлық үш сарысуда да агглютинация болмайды . Зерттеудегі қан I ( O ) топқа жатады . 2. Изогемагглютинация реакциясы ІІ ( А ) сарысумен теріс , I ( O ) және III ( В ) топтағы сарысумен оң . Зерттеудегі қан II ( A ) топқа жатады . 3. Изогемагглютинациясы реакция III ( B ) сарысумен теріс , I ( O ) және II ( A ) топтағы сарысумен оң . Зерттеудегі қан III ( B ) топқа жатады . 4. І ( О ) , ІІ ( А ) , III ( B ) топтардың сарысуларымен оңреакция болғанда , қан IV ( АВ ) топқа жатады . Бірақ мұндай қорытындыға келу үшін , изогемагглютинацияреакциясын IV ( АВ ) топтың стандартты сарысумен жоғарыда айтылып кеткен әдіспен жасау керек . Изогемагглютинация реакциясының теріс болуы , зерттеудегі қанның IV ( АВ ) топқа жататындығының белгісі . Басқа комбинацияның шығуы науқастың қан тобын анықтаудың дұрыс болмағандығын көрсетеді . Науқастың қан тобы жайлы мәліметті сырқатнамаға енгізеді , оның бірінші бетіне зерттеу жүргізген дәрігердің қолы қойылады . и Анықталмайтын агглютинацияның мынадай себептері болуы мүмкін : 1 ) Стандартты сарысулардың белсенділігінің төмендігі немесе эритро циттердің агглютинабелділігінің әлсіздігі ; 2 ) Стандартты сарысуға зерттелетін қанның шамадан тыс қосылуы ; 3 ) Қоршаған ортаның температурасы жоғары болса , агглютинация реакциясы баяулайды . ge Қателіктерді болдырмас үшін , сарысудың титрі мен белсенділігі жоғары және стандартты сарысу мен зерттеудегі қанның ара - қатынасы ( 1 : 5 , 1:10 ) дұрыс болуы керек . Зерттеуді 25 ° С температурада жүргізеді . Нәтижені 5 минут өткен соң бағалау керек . DO Агглютинация жоқ жерде , оның анықталуының себебіне сарысу тамшысының кеуіп қалуы және эритроциттердің « тиын » бағанасы тәрісіздес жабысып қалуы немесе суықтық агглютинацияның ( температура 15 ° С - тан төмен болған жағдайда ) пайда болуы жатады . Анықтау барысында натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің тамшысын тамызу және зерттеуді 15 ° С - тан жоғары температурада жүргізу , айтылып кеткен қателіктердің алдын алады . Қан тобын анықтаудағы кездесетін қателіктер , зерттеу әдістемесін бұзғандығымен байланысты , сондықтан зерттеудің барлық ережелерін қатан сақтау қажет . Бүкіл күмән туғызатын жағдайларда , қан тобын анықтау үшін , басқа сериялы стандартты сары сулармен қайтадан немесе стандартты эритроциттердің көмегімен өткізуді талап етеді . ABO жүйесінің қан топтарын анти - А және анти - В целиклондарының көмегімен анықтау . ABO жүйесімен қан тобын анықтауда , анти - А және анти - В целиклондары стандартты изогемагглютинациялық сары сулардың орнына қолданылады . Олардың көмегімен эритроциттерде А және В агглютиногендерін анықтайды . Целиклондарда стандартты антиденелер ( анти - А және анти - В ) болады . Анти - Ажəнеанти - Вмоноклональдіантиденелерекiтүрлiгибридомалармен өндіріледі . Оларды тышқанның антидене түзуші В - лимфоциттері мен тышқан миеломасының жасушаларымен біріктіру нәтижесінде алады . Бұл целиклондар А және В антигендеріне қарсы М иммуноглобулині бар гибридома тасушы – тышқандардан алынған сұйылтылған асциттік сұйықтық қарағанда , агглютинация реакциясын тез және айқын көрсетеді . Целиклoгдaрды қолдануда , гепатит пен ЖИТС вирустарының жұғуының мүмкіндігі жоқ . Қан тобын 15-200С температурада анықтайды . Белгіленген табақшаға анти - А және анти - В целиклондарының бір - бір үлкен тамшысын , содан кейін қасына зерттелетін қанның 10 есе кіші көлемін тамызып , әйнектердің қырымен аралыстырады . Табақшаны ақырын шайқап отырып , реакцияны 2,5 минут бақылайды . Реакция алғашқы 3-5 секундта - ақ пайда болады ( ұсақ қызыл түйіршіктердің шығуы ) . Агглютинация реациясының мынадай варианттары болуы мүмкін : 1. Анти - А және анти - В целиклондарымен агглютинация анықталмайды— қанның құрамына А және В агглютиногендері жоқ – зерттелетін қан I ( 0 ) Топқа жатады . 2. Агглютинация анти - А целиклонымен ғана анықталады , зерттелетн қанның эритроциттерінде агглютиноген А бар – зерттелетін қан II ( O ) топқа жатады . 3. Агглютинация анти - В целиклонымен ғана анықталады , зерттелетін қанның эритроциттерінде агглютиноген B бар – зерттелетін қан III ( O ) топқа жатады . 4. Агглютинация анти - А және анти - В целиклонымен ғана анықталады , зерттелетін қанның эритроциттерінде А және В агглютиногендері бар зерттелетін қан IV ( АВ ) топқа жатады . Анти - А және анти - В целиклондарымен агглютинация реакциясы болса , бейспецификалық агглютинацияны жоққа шығару үшін , натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен бақылау зерттеуін жүргізеді . Изотониялық ерітіндінің үлкен тамшысын ( 0,1 мл ) зерттелетін қанның кішкентай тамшысымен ( 0,01 мл ) араластырады . Агглютинацияның жоқтығы , зерттелетін қанның IV ( АВ ) топқа жататындығын нақтылайды . Агглютинация пайда болса , қан тобын жуылған стандартты эритроциттердің көмегімен анықтайды . Анти - А және анти - В целиклондары сұйықтық ретінде ампула немесе флаконда шығарылады . Сұйықтық қызыл ( анти - А ) және көк ( анти - В ) түсті болады . Оларды 2-8 ° С температурада тоңазытқышта сақтайды . Сақталу мерзімі – 2 жыл . ABO жүйесінің қан топтарын стандартты жуылған эритроциттердің көмегімен анықтау . 1 ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) топтардың стандартты эритроциттері 10 20 % жаңа алынған эритроциттер ( тест - жасуша консервантaрынан жуылған ) мен 0,9 % натрий хлориді немесе цитратты - тұзды ерітінділерінен тұрады . + 4 ° Cтемпературада сақталған нативті стандартты эритроциттерді 2-3 күн ішінде пайдалунуға болоады . Консервіленген стандартты эритроциттерді тас температурада 2 ай сақтайды , қолданар алдында консервілеуші ерітіндіден жуып шаяды . Топты анықтау үшін , пробиркаға стабилизаторсыз 3-5 мл қанды алады , оны 1,5-2 сағат 12-20 ° С температурада жуу керек . Секторға бөлінген табақшаларға , жазуынна сәйкес , зертттелетін қанның сары суынның тамшысын және одан 5 есе кем стандартты эритроциттердің тамшысын тамызып , әйнектің бұрышымен араласырамыз . Табақшаны 3 минут шайқап , натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің бір - бір тамшысын қосып , араластырамыз да , 5 минут өткен соң нәтиені бағалаймыз . Агглютинация реакциясының 4 варианты байқалауы мүмкін : 1. Агглютинация I ( O ) топтың эритроциттерімен болмайды , ал II ( O ) , ІІ ( O ) топтардың эритроциттерімен анықталады – зерттелетін қан I ( O ) топқа не түнініцнітigo 2. Агглютинация I ( 0 ) және II ( A ) топтың эритроциттерімен болмайды , ал III ( O ) топтың эритроциттерімен анықталады – зерттелетіе қан II ( A ) топқа неоподіл 3. Агглютинация I ( O ) және III ( 0 ) топтың эритроциттерімен болмайды , ал II ( O ) топтың эритроциттерімен анықталады – зерттелетін қан III ( O ) топқа жатады . 4. Агглютинация I ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) топтың эритроциттерімен болмайды , ал II ( O ) топтың эритроциттерімен анықталады – зерттелетін қан III ( B ) топқа 5. Агглютинация I ( O ) , ІІ ( А ) , III ( B ) топтың эритроциттерімен болмайды - зерттелетін қан IV ( АВ ) топқа жатады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет