Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет220/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Күбірткенің клиникасы мен емі
Терілік күбірткеде іріңді үрдіс терінің ішінде , эпидермис қабатының астында орналасқан . Ол барлық түрлерінің ішіндегі ең жеңілі болып табылады . Әдетте , науқастың жалпы жағдайы нашарламайды , бірақ лимфангиит дамыса , дене қызуы 38 ° С дейін көтерілуі мүмкін . Терілік күбірткені тек хирургиялық жолмен емдейді ажыраған эпидермисті кесіп алады . Операция жансыздандыруды қажет етпейді . Кейде эпидермисті алып тастаған соң , кішігірім тесікті көруге болады , ол тері асты қабатына дейін созылған өзек болып табылады және ол тереңде жатқан негізгі болып табылады . қабыну ошағымен байланысады . Бұл « түйме » тәрізді теріастылық күбіртке Эпидермис алынған соң , жараны өте терең зақымдалудан қорғау үшін , антисептикалық ерітіндімен немесе майлы таңғышпен таңады . Тек лимфангиит дамыса ғана , антибактериальді ем жүргізіледі . « Түйме » тәрізді күбірткеде эпидермисті алып тастаған соң , 10 % натрий хлоридінің ерітіндісімен таңып тастайды , егер екі күннен кейін жазылуы байқалмаса , міндетті түрде теріастылық күбірткені тіліп ашу керек .
Паронихия – бұл тырнақ негізін қоршап жатқан буылтықтың қабынуы болып табылады . Паронихия тырнақ жарылғанда пайда болады , сонымен қатар маникюрден кейін де дамиды . Нәтижесінде тырнақ айналасындағы тері буылтығы қызарады , ісінеді , оның астында ірің түзіледі . Осы аймақта ауыру сезімі мазалайды , бірақ науқастың жағдайы онша нашар майды . Лимфангиит сирек кездеседі . Емдік мақсатпен кішкентай қайшымен , түзілген қалтамен бірге тырнақ буылтығы кесіледі де , антисептикалық ерітіндімен жуып тазартылады . Тырнақ буылтығының астына резеңкелі қолғаптың кесіндісі ( қиығы , жолағы ) енгізіледі және оның үстіне натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен таңғыш қойылады . Егер іріңді үрдіс тереңде жатқан тіндерге жайылып , тырнақ айналасындағы немесе тырнақастылық күбіртке дамыса , онда хирургиялық жолмен тырнақтың резекциясы немесе оны толық алып тастау операциялары орындалады , себебі тырнақастылық күбіртке дистальді бунақтың остеомиелитіне ұласуы мүмкін . Қол ұшы саусақтарының іріңді үрдістерінің негізгі даму түрлеріне теріастылық күбіртке жатады . Тері асты қабатына түскен бактериялар кабынудың дамуына әкеледі , нәтижесінде ісіну пайда болады . Көбінесе , Нішілік қысым жоғарылайды да , тіндердің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады , нәтижесінде тіндердің өліеттенуі дамуы мүмкін . Осы аймақта өте атты солқылдаған ауыру сезімі пайда болып , науқас катты мазасызданады және ұйқысы бұзылады , жалпы жағдайы нашарлайды . Дене қызуы 37-38 ° C дейін көтеріледі , қалтырау пайда болады . Саусақтың зақымдалған бунағы ісініп керіледі , терісі қызарады , жеңіл цианоз байқылуы мүмкін . Қабынудың алғашқы кезеңінде консервативті ем жүргізіледі , ол туралы жоғарыда айтып кеткенбіз . Бірақ қабынудың іріңдеу кезеңі басталса , операцияны тез - арада уақыт өткізбей жүргізу қажет . Егер дистальді бунақтың теріастылық күбірткесі болса , теріні жарты ай тәрізді тілікпен әрбір зақымдалған жақтан кеседі . Осындай тілікте теріден сүйек қабығына кететін көлденең талшықтардың барлығы кесіледі де , керілген ісіну бәсеңсиді және барлық зақымдалған ошақтар хирургтың көз алдына көрінеді . Іріңдікті ашқаннан кейін немесе өліеттенген тіндерді кесіп алған соң , жараны сутегінің асқын тотығымен тазартып , резеңкелі кесіндіні орналастырады , ал үстінен гипертониялық ерітіндімен немесе гидрофильді майлармен ( левосин , левомеколь , диоксиколь ) таңғыш қойылады . Жараны күнделікті таңады , марганцовкалы бұлаулар ( ванночкалар ) жүргізіледі.
Сіңірлік күбіртке ( іріңді тендовагинит ) емі өте ауыр болатын және қолдың қызметінің бұзылыстарына алып келетін түрі болып табылады . Іріңді тендовагиниттің пайда болу себебі – сіңір қынабына инфекцияныңтікелей түсуі немесе айналасындағы тіндерден қабыну үрдісінің сіңір қынабына өтуі . Оның дамуында қауіпті болатыны алақандық бунақаралық қатпарлардың кішігірім тесікті жарақаттары , өйткені бұл жерлерде сіңір қынаптары теріге жақын орналасып жатады . Сіңірлік күбірткеде 4 клиникалық белгінің анықталуының маңызы зор : 1. Зақымдалған саусақтардың біркелкі , циркулярлы ісінуі . 2. Зондпен тексергенде , сіңір қынабының бойымен ауыру сезімінің дамуы . 3. Саусақтың бүгілу қалпында тұрақтануы . 4. Саусақты енжар қимылдатқанда ( әсіресе жазғанда ) қатты ауыруы . Жеке - дара бұл белгілер күбірткенің басқа да түрлерінде кездесуі мүмкін , бірак 4 белгінің бірдей анықталуы сіңірлік күбірткеге ғана тән . Іріңді тендовагинитте гиперемия байқалмауы мүмкін , керісінше саусақтың терісі бозғылт , кейде көкшіл түсті болады . Іріңді интоксикацияның белгілері айқын дамиды . Дене қызуы 40 ° С жетуі мүмкін .
Сүйектік күбіртке - сүйек қабығының біріншіліктесілген зақымдалуынан пайда болуы мүмкін , сонымен қатар екіншілік ауру ретінде жұмсақ тіннен қабыну үрдісінің таралуынан да дамиды . Сүйектік күбіртке саусақтардың жұмсақ тіндерінен дистальді бунақтың диафизіне келетін артериялық тамырлардың тармақтарының бітелуінен де туындауы мүмкін . Нәтижесінде , бунақтардың жиекті немесе толық зақымдалуы байқалады . Осы кезде қабыну үрдісіне бунақаралық буындар да шалдығуы мүмкін . Сүйектік күбірткенің клиникалық көрінісі , алғашқы кезде теріастылық күбірткеге ұқсайды , бірақ ауыру сезімі күштірек болады . Дене қызуы 39-40 ° C жетеді .
Буындық күбіртке – бұл бунақаралық және алақан сүйек - бунақ арасын дағы буындардың іріңді қабынуы болып табылады . Буынның тесілген жараларында инфекция еніп , қабыну үрдісін шақырады . Сонымен қатар , буындық күбіртке басқа түрлерінің асқынуынан дамуы мүмкін . Бір Клиникалық көрінісі : ауыру сезімі – ол алғашқы кезде тек буындарда қозғалыс болғанда ғана байқалады , кейін ауыру сезімі күшейіп , саусақтарды қозғалту мүмкіндігі жойылады . Саусақ ұршық тәрізді ісінеді , оның сыртқы бетінің буын аймағы гиперемияға ұшырайды .
Пандактилит – бұл саусақтың барлық тіндерінің және сүйек пен буын байламдарының іріңді зақымдалуы болып табылады . Пандактилит хирургиялық жолмен ғана емделеді - алақан сүйек - бунақ буынында саусақтың экзартикуляциясы орындалады , сонымен қатар міндетті түрде алақан сүйегінің басын кесіп алу керек . Пандактилит кезінде саусақтың экзартикуляциясын жасамай , операцияны кешеуілдету инфекцияның қол ұшына , білекке таралауына және сепсистің дамуына себепші болады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет