ІІІ дәрежелі үсікте - тері қабаты мен тері асты шелмайы өліеттенеді , сондықтан өліеттенген тіндер ажырағаннан соң , грануляциялық тін дамиды . Дерманың регенерациясы мүмкін емес . Ауыру сезімі айқын , көпіршіктер үлкен болады , кейде олар зақымдалған сегментті айналдыра қаптайды . Цианозы айқын , аяқ - қолдарын ұстап көргенде суық болады , шеткі тамырлардың пульсациясы әлсіреген , тырнақтары ауырмай ажырайды , регенерация жүрмейді . Жарақаттан кейінгі 1-2 аптада дененің температурасы жоғары болады . Өліеттенген тіндердің ажырап түсуі 2-3 - ші аптада аяқталады , жарада грануляциялар түзіліп , 1-1,5 айда тыртықтанады .
Достарыңызбен бөлісу: |