Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Электржарақаттар. Үсіктер. Клиникасы. Бірінші жәрдем және емдеудің жалпы принциптері



бет213/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

2.Электржарақаттар. Үсіктер. Клиникасы. Бірінші жәрдем және емдеудің жалпы принциптері.
Электрожарақат — электр тоғының әсерінен пайда болатын патологиялық үрдіс. Бүкіл жарақаттардың 2,5 % құрайды. Өлімнің деңгейі Электрожарақаттың ерекше бір түрі – атмосфералық тоқтан, яғни найзағайдан — 20 % болатын жарақат. Көбінесе адамдар найзағай кезінде электрлі жабдықтардың, жұмыс істеп тұрған телевизордың, радио қабылдағыштың қасында тұрғанда немесе телефонмен сөйлескенде жарақат алады. Жарақаттанғандардың терісінде найзағай белгілері анықталады, ол ағаштың бұтақтарындай жайылған, ашық - қызғылт және қызыл түсті жолақтар болып табылады. Бұл белгілер дене бөлігіне найзағай әсер еткен жердегі капиллярлардың кеңеюімен сипатталады.Электрожарақаттың патогенезі:
1. Нерв жүйесі арқылы рефлекторлы әсер етуі, ол тыныс алу және қан айналым бұзылыстарына әкеліп соғады.
2. Адам денесіне термиялық, электрохимиялық және электродинамикалық факторлардың тікелей әсер етуі.
Электрожарақаттың ауырлығының 4 дәрежесін ажыратады:
І дәрежеде – науқас есін жоғалтпайды, бұлшықеттері құрысып жиырылады.
II дәрежеде – науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады.
III дәрежеде – науқас есін жоғалтады, бұлшықеттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады.
IV дәрежеде клиникалық өлімнің белгілері байқалады ( п . Жеңіл дәрежесінде ( I - II ) пайда болған өзгерістер 1-2 аптада жойылады.
Жарақаттың тереңдігіне байланысты электрокүйіктің 4 дәрежесін ажыратады:
1. Эпидермистің зақымдалуы. 2.Эпидермис ажырап, көпіршіктердің түзілуі. 3.Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы. 4. Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет