Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


-билет 1,Десмургияның анықтамасы. Таңғыштардың жіктелуі. Бинт таңғыштардың салу ережелері. Гипс таңғыштардың түрлері



бет210/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

41-билет
1,Десмургияның анықтамасы. Таңғыштардың жіктелуі. Бинт таңғыштардың салу ережелері. Гипс таңғыштардың түрлері.
Десмургия ( грек тілінде « desmos » - таңғыш , « ergon » іс ) - таңғыш салуға нұсқау беретін,зақымдануды және адам ауруларын дұрыс емдеу үшін бағытталған, жалпы хирургияның бір бөлімі. Таңғыш түсінігінде жараны қорғау және қоршаған орта әсерінен тері бетінде дамитын патологиялық өзгерістерден сақтау мақсатында жүргізілетін әрекеттер жиынтығы жатады. Осыған гемостазды қалыптастыру, беткей веналардағы қан айналуды тоқтату мақсатында тамырларды басу әдісі, сонымен қатар, науқасты тасымалдау үшін, иммобилизацияны қамтамасыз ететін орау әдісі және дұрыс емес қалыпты аластатуға мүмкіндік беретін, ораудың ұзаққа созылатын емдеу әдістері жатады. « Таңу » терминінің негізінде емдік таңғышты салу және алмастыру үрдісі жатады. Осы термин хирургтар арасында кең тараған . Хирургиялық бөлімнің машықтану жұмыстарында « таңғыш » және « таңу » терминдерін шатастырып алмастырады , бұл дұрыс емес және де қазіргі медициналық терминологияға сай келмейді . Жұмсақ дәкелік орағыш ( бинт ) таңғыштарын сипаты мен тағайындалуына қарай келесі түрлерге жіктеуге болады : Олардың сипаты мен тағайындалуына қарай :
1 ) қарапайым жұмсақ таңғыш ; қорғаушы , дәрілік .
2 ) қысатын ( гемостатикалық ) таңғыш ;
3 ) қимылсыздандыратын ( иммобилизациялайтын ) таңғыш ; тасымалдық ( транспорттық ) , емдік .
4 ) түзейтін ( коррекция жасайтын ) .
Таңғыштарды бекіту әдісіне және бекітуге арналған заттардың түріне қарай :
1 ) ені әртүрлі қарапайым дәкелік орағыштар ( бинттер ) ,
2 ) тоқыма түтікті орағыштар ,
3 ) көлемі мен диаметрі әртүрлі торлы дәкелік орағыштар ,
4 ) эластикалық орағыш ,
5 ) орамал тәрізді ,
6 ) сақпанша ( ыдыратылған мата жолақтары , сонымен қатар Т - тәрізді мақта - дәкелік сақиналар және т.с.с ) .
ТАҢҒЫШТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1. Сырғымалы таңғыш ( Fascia serpents ) . Ораудың басында мақта , шина , салфетканы аяқ , қолда уақытша бекіту үшін жасалады . Аралары таңғыштың еніндей етіп , спираль тәрізді орайды .
2. Циркулярлы және спиральді таңғыштар . Таңғыштың орамдары әрқайсысы алдыңғысының 4 бөлігін жауып тұрып оралады . Аяқ - қолдың жуандығы бірдей жерде таңғыштың орамдары , аяқ , қолдың осіне көлденең бағытта оралады . Жуандығы біркелкі болмаса , бинт орамдары қиғаш оралады , ал дененің шығып тұратын жерінде сол қолдың саусақтарымен бүгіп , қайтарып орайды .
3. Крест немесе 8 тәріздес таңғыш ( Fascia cruciata ) . Тізе , шынтақ жа не тілерсек буындарына , мойын мен кеудеге жасауға ыңғайлы . Таңғыштын бекітуші қатары дененің ең жіңішке жерінен бастап оралады , содан соң дәке орағышын буыннан жоғары және төмен айқастыра орайды .
4. Қайталамалы таңғыш ( Fascia recurrens ) . Қолдың басына немесе тұқылға ( культяға ) салады . Циркулярлы таңудан басталады , орам тұқылдың ұшынан жоғары оралып , бүгіліп , оны айналып , қайта бүгіледі .
5. Сақпанша таңғыш . Мұрынға , иекке , бұтаралыққа салынады . Оны дайындау қиын емес . Ол үшін ұзындығы 50-60 см - дей дәке орағышын алып , екі шетінен 10-15 см - ге дейін кесіп , ұштарын айқастыра байлайды .
6. Орамал тәрізді таңғыш . Бұл үшбұрышты матадан жасалатын таңғыш . Орамалдың ұзын бөлiгi таңғыштың негізі , ал оның қарама - қарсы жатқан бұрышы мен қалған бұрыштары соңғы бөліктері болып табылады .
7. Дезо таңғышы . Бұл таңғышты қолды тұлғаға бекіту үшін қолданады Бірінші қатарды , әрқашан , денені айналдыра сау жағынан , зақымдалған жағына қарай таңады ( а , б ) . Таңғышты салар алдында қолтық астына арнайы бума қояды . 4 орамды болады
8. Вельпо таңғышы Дезоға қарағанда қарапайымдау болып келеді . Ауру қолды шынтақ буынында бүгіп , қолдың басын сау иықтың үстіне қояды . Қолтық асты ойыққа үлкен емес мақта - дәкелі орама салады .
9. Желімді таңғыш . Бұл таңғыш кең таралған , ыңғайлы , экономикалық тұрғыдан тиімді , берік болып келеді . Көптеген қабыну үрдістері кезінде қолданылады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет