Байланысты: Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À
Билет № 40 1. Көк тамыр арқылы берілетін наркоз. Қолданылатын заттар. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Асқынулары және олардың алдын алуы. Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай: Ингаляциялық және ингаляциялық емес түрлерін ажыратамыз.Көк тамыр арқылы енгізілетін наркоз ингаляциялық емес наркоз түріне жатады.Жалпы веналық анестезия бұл вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі.Қолданылатын заттар:
Қысқа уақытқа әсер ететін барбитур қышқылының туындылары-гексенал,тиопентал натрий.
Өте қысқа уақыт әсер ететін-барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик- пропанидид(сомбревин,эпантол) қолданылады.Және гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик- виадрил.Мидың метаболитінің аналогы-гамма-аминомайкышкылы-натрий оксибутираты.Және кетамин(калипсол мен кеталар),диприван анестетиктері қолданылады.
Веналық анестезияның мынадай әдісі бар.Нейролептанельгезия(НЛА)-веналыық анестезия әдісі.Ол күшті әсер ететін анестетик.Нейролептик пен наркотикалық анальгетикті қосып қолданылады.Дроперидол+фентанил екеуі енгізіледі.Бұл күшті әсер көрсететіндіктен науқасты мүлдем қозғалу тиімсіздігін жоғалтады.
Артықшылықтары: Жалпы анестезиялық заттарды қолданарда көктамыр ішілік енгізуде қозу процесі болмайды,науқас жылдам жағымды ұйқыға кетеді.
Кемшілігі: Аз уақыт әсер ететін болғандықтан ұзақ операцияларға жарамайды.Жасанды тыныс алдыру аппараты болмай жатып барбитурмен наркоз енгізуге болмайды.
Асқынулары: Барбитурды тез көктамырға жіберу нәтижесінде тыныс орталығы мен гемодинамика бұзылады.
Асқынулары және олардың алдын алуы:
-Жүрек жеткіліксіздігі жүрек дерттерінде;
-Тыныс демікпесі;
-гиповолемия,ацидоз;
-Бауыр қызметінің бұзылыстары;
-Аддиссон аурыларында қолданудың алдын алу шарт.
Жергілікті анестезия науқастың есін толық сақтаған жағдайында енгізілетін наркоз.Осы наркозда веналық анестезия әдісі де қолданылады.Ол аяқ қолда жасалатын операцияларда мыс,жараларды хирургиялық өңдеуде,буынның шығуын орнына салуда,т.б қолданылады.
Орындалуы: қола білектің беткей орналасқан венасына енгізеді.
Аяқта үлкен және кіші тері асты венасына енгізеді.Веноздық қанның ағып кетуі үшін аяқ пен қолды 1-2 мин көтеріп ұстайды.