ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ
Хирургиялық операция үш кезеңнен тұрады :
1. Операциялық тiлiк жасалатын жерді анықтау ( көздеу ) — закымдан ған ағзаны ашып , керекті хирургиялық манипуляцияны жасауға арналған . Операция алдында ішкі ағзаға жету жолын жаксарту үшін , науқасты операция үстелінде арнайы ыңғаймен жатқызуға болады . Содан кейін , тілікке қойылатын талаптар : тілік мүмкіндігінше кең , жарақаттану мүмкіндігі аз , анатомиялык . физиологиялық және косметикалық қағидалары сақталған болуы керек ;
2. Операциялық қимыл ( іс - әрекет ) - операцияның негізгі бөлігі , қажетті емдік және диагностикалық шаралар орындалады ;
3. Операцияны аяқтау- ағзаға жету кезінде , тілінген тіндерді бұрынғы қалпына келтіру . Операцияны жасау барысында тіндерді барынша ұқыптылықпен сактап отыру және қансырауды біржолата тоқтату кажет . Осы талаптардың орындалуы екіншілік қансыраудың және қабыну аскынуларының алдын - алуына ықпал етеді .
ОПЕРАЦИЯ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕҢ
Бірнеше ғасырлар бойы хирургтар анатомияны оқып келді . ХХ - шы ғасырда хирургиялық көмектің ұлғаюына байланысты хирургтар операциядан кейінгі өлімді және асқынуларды азайту үшін , физиологияны дұрыс түсіну керек екендігіне көзі жетті . Сондықтан , наукасты операция алдындағы және солай кейінгі кезеңдерде дұрыс жүргізіп , оны физиологиялык калыпты жағдайға келтіру ғылыми тұрғыдан қаралды . Қазіргі кезде хирургтар тек операция жасау тәсілдеріне ғана емес , сонымен қатар науқаста аурудың әсерінен болатын аскыну мәселелеріне де көп көңіл бөлуде , Операция алдындағы кезеңнің мақсаты – операция кезінде және содан кейін, мүмкін болатын асқынулардың даму қаупін азайту болып табылады . Операция алдындағы кезең диагноз қойылғаннан кейін , операция жасау керектігі анықталғаннан соң және оны орындау қажеттігі туралы шешім кабылданған кезде басталады. Ол диагностикалық және дайындық кезеңдеріне бөлінеді . Нақты диагноздың қойылуы , хирургтың операция кезінде тап болуы мүмкін қиындықтарды ажыратып білуіне септігін тигізеді . Диагнозды дұрыс кою , операцияның қандай кезекпен жасалу керектігін анықтауға көмектеседі ( шұғыл , жылдам , кейін қалдырылған , жоспарлы ) . Диагностикалық кезеңнің екінші міндеті дененің негізгі ағзалары мен жүйелерінің жалпы жағдайын анықтау болып табылады. Ол науқастан шағымын анықтау , сұрап білу аркылы , оны физикалык тексеруден өткізу барысында анықталады ( қанның жалпы және биохимиялық талдауы ; несептің жалпы талдауы ; кеуденің флюорографиясы ; ЭКГ ; терапевттің және стоматологтың , ал әйелдерге , сонымен қатар , гинекологтың кеңесі ) . Осылай косымша аурулар немесе лабароторлык зерттеу нәтижелерінің ауытқулары анықталады . Операция жасаудың көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері Абсолютті немесе өмірлік көрсеткіштер - бұл науқастың өміріне қауіп төндіретін аурулар және олар тек хирургиялық жолмен жойылады . Оларға қансырау , асфиксия, құрсақ қуысы ағзаларының жедел аурулары , іріңді аурулар жатады .
Достарыңызбен бөлісу: |