Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы



бет206/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ
Операциядан кейінгі кезең – операция аяқталғаннан бастап , науқастың жазылып шығуына немесе мүгедектікке ауысуына дейінгі уакытты айтады . Операциядан кейін , науқаска дұрыс ем жүргізілсе , дұрыс күтім жасалса , осы атқарылған жұмыстардың маңызы жасалған операциядан кем болмайды . Операцияның ауырлығы дұрыс бағаланбаса , операциядан кейінгі кезеңде ем жүргізу мен күтім жасауда қателіктер жіберілсе , асқынулардың дамуына , тіпті науқастың өліміне себепші болуы мүмкін . Операциядан кейінгі кезеңде барлық емдеу және күтім жасау шаралары әрбір науқастың жеке - дара жағдайына және аурудың түріне байланысты бағытталуы керек . Операциядан кейінгі кезеңнің мақсаты асқынулардың алдын - алу , олар ды уақытысында анықтау және оны емдеу , сонымен бірге науқастың дене сінде жүріп жатқан регенерациялық және бейімделу үрдістерін үдетіп , дамыту болып табылады . Ол екіге бөлінеді : 1 ) ерте - операция аяқталғаннан бастап , науқас ауруханадан шыққанға дейінгі уақыт ; 2 ) кеш – науқас ауруханадан шыққаннан бастап , жазылып кеткенге немесе мүгедектікке ауысуына дейінгі уақыт . Операциядан кейінгі ерте кезең аскынған немесе асқынбаған болуы мүмкін . Психологиялык стресстің , наркоздың , операциялық жарадағы ауыру сезімінің және басқа да факторлардың әсерінен негізгі ағзалар мен жүйелердің қызметінде өзгерістер дамиды . Науқасты операциялык үстелден тасымалдаушы көлікке жатқызу және одан алып төсекке орналастыру , мейірбикенің немесе дәрігердің бақылауымен ұқыпты орындалу қажет . Операциядан кейін , науқасты үстелден бірден алып кетеді , бірақ кейбір жағдайларда ( қан құю , жасанды тыныс алдыру және т.б. )

Операция кезінде науқастың бақылауы.


Ең алдымен , хирург науқасқа операция жасау керек екендігін , оның түрін айтып түсіндіреді . Әңгімелесу барысында дәрігер науқасқа операцияның маңызын сендіре білуі керек . Барлық операциялар науқастың келісімімен жасалады . Егер науқас өзіне - өзі жауап бере алмайтын болса немесе ес - түссіз жағдайда жатса , операцияны науқастың келісімінсіз жасауға болады . Операцияға дайындау барысында науқастың қосымша ауруларын да емдейді . Мысалы , гипертония кезінде гипотензиялық ем , қан аздықта ( анемияда ) — гемотрансфузия , су - электролитті алмасудың бұзылыстарында — Гомеостазды реттеу және т.б. емнің түрлері жүргізіледі . Эндогенді инфекцияның алдын - алудың маңызы өте зор – ол үшін Эндогенді инфекцияның көзін анықтап , операция алдындағы кезенде емдеп , тазарту керек . Науқастың нерв жүйесі тұрақсыз болғанда , седативті ем жүргізіледі . Арнайы дайындық кейбір операцияларда жүргізіледі . Мысалы : тоқ ішекке операция жасалатын болса , ішектің өзегіндегі бактериялық ластануды жою үшін , арнайы дайындық жүргізіледі , оған толық игерілетін диета тағайындау , операция алдында тоқ ішекті таза су шыққанша жуу және антибактериальді алдын - алу шаралары жатады . Науқасты жоспарлы және шұғыл операцияларға тікелей дайындаудың айырмашылықтары бар . Жоспарлы операцияның алдында науқасты толык санитарлы тазартудан өткізу қажет . Ол үшін кешкісін операция алдында наукас душ қабылдауы немесе ваннаға жуынуы керек , таза киім киіп , төсек - жапқаштарды ауыстыруы кажет . Операция болатын күні таңертең , операция жасалатын аймақтағы түктер қырып алынады . ІІұғыл операцияға дайындағанда , тек операция жасалатын аймактагы түктерді кырып алумен шектелуге болады . Науқастың денесі қатты ластанғанда , жартылай санитарлы тазарту шаралары жүргізіледі . Жалпы жансыздандыру кезінде асқазан бөліністері тыныс алу жолдарына түсіп , асфиксия тудыруы мүмкін , ол аспирациялық асфиксияға және тіпті науқастың өліміне алып келеді . Сондықтан , операция алдында асқазан бос болуы қажет, ол үшін науқасқа кешкісін сағат 1700-1800 жеңіл тамақ қабылдауы , ал операцияның алдында таңертең тамақ пен су ішпеуі керектігін түсіндіру қажет. Шұғыл операцияларда , егер науқас тамақты қабылдағаннан кейін , 6 және одан да көп уақыт өтсе , онда асқазанында тамақ болмайды ( егер ішектің түйілуі болмаса және т.б. ) , сондықтан арнайы шараларды жүргізбесе де болады . Егер де науқас тамақты көрсетілген уақыттан кешірек қабылдаған болса , онда операцияның алдында асқазанға сүңгі салып , асқазанын жуып , тазалау керек . Жоспарлы операцияның алдында тазарту клизмасын жасау қажет . Әрбір операцияның алдында қуықты босатып алу керек . Ол үшін науқас кіші дәретке шығады . Қуыққа сүңгі түтік салу сирек жағдайда қолданылады.

2.Пневмоторакс. Түрлері. Алғашіы көмек, алдын алу және емдеу жолдары.


Пневмоторокс плевра қуысына ауаның жиналуы. Оның ашық және жабық түрлері болады . Плевра қуысына жиналған ауаның көлеміне қарай пневмоторакстың кіші өкпенің % бөлігі қысылады, орташа өкпенің 4 бөлігі қысылады, үлкен өкпе түгел қысылады түрлерін ажыратады. Плевра қуысына ауаның жиналуы неғұрлым көп болса , соғұрлым клиникалық белгілер айқын болады. Науқастың негізгі шағымдарына ентігу, кеуде торындағы ауыру сезімі жатады. Объективті тексергенде ентігу, цианоз, зақымдалған кеуде торының бөлігі тыныс алу актісінен қалып қоятындығы анықталады. Перкуссия жасағанда тимпанит, аускультация кезінде өкпенің тыныс шуларының төмендегендігі анықталады, тіпті естілмеуі мүмкін. Рентгенологиялық зерттеу диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді. Рентгенограммада өкпе мен кеуде қабырғасының арасында ауа қабатын байқауға болады , сонымен қатар өкпенің қысылғандығы анықталады. зақымдалған Жабық пневмоторакс – өкпенің кішігірім зақымдалуынан пайда болады. Мысалы: қабырға сынғанда кездеседі. Қарапайым жабық пневмотораксқа спонтанды пневмоторакс жатады. Ол бронхішілік қысымның кенеттен жоғарылауынан дамиды. Көбінесе өкпенің буллезді эмфиземасымен ауыратын науқастарда кездеседі. Ашық пневмоторакс - кеуде қабырғасы мен париетальді плеврада тесік пайда болғанда дамиды. Атмосфералық ауа плевра қуысындағы қысым теріс болғандықтан енеді, ауа жараның тесігі арқылы плевра қуысына тыныс алғанда кіреді және тыныс шығарғанда сыртқа шығады. Плевра қуысындағы қысым өзгеріп тұрғандықтан, көкірекаралық сау жаққа қарай оқтын - оқтын ығысып отырады. Бұл жүрек пен қолқаның ығысуына, ірі қан тамырларының қысылуы мен айқасуына әкеледі . Ауыр шокты тудыратын кардио - пульмональді синдром дамиды. Клиникалық көрінісі: науқастың терісі бозарған және цианозы бар, тынысы жиі және беткей, тамыр соғуы жиі және әлсіз болады, АҚ төмендейді. Жараны қарағанда, ауаның сорылуы және жарадан ауамен бірге көпіршікті қанның шығуы байқалады. Қақпақты пневмоторакс өмірге қауіп төндіреді, ол сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қақпақты пневмоторакс кеуде қабырғасындағы жараның өзегі арқылы өтетін жұмсақ тіндер, қақпақ тәрізді әсер еткенде пайда болады: тыныс алғанда олар ажырап ашылады, тыныс шығарғанда жабысып жабылады.
Ішкі қақпақты пневмоторакс өкпеде қиықты жарамен қоса, ірі бронхтың зақымы болған жағдайда дамиды. Бұл жерде өкпе тінінің кесіндісі қақпақ қызметін атқарады. Әрбір тыныс алған сайын, ауа кіріп, зақымдалған жақтағы плевра қуысында ауаның көлемі ұлғаяды. Бұл көкірекаралығының сау жаққа қарай ығысуына және сау өкпенің қысылуына әкеледі. Қақпақты пневмоторакстың белгілері: науқас ауаны ауызбен жұтады, ауыр үдемелі ентігу, айқын цианоз, корку сезімі, тахикардия, АҚ төмендеуі, перкуссия кезінде қораптық дауыстың шығуы анықталады, аускультацияда пневмоторакс жағында тынысы естілмейді. Кеуде торының рентгеноскопиясында өкпенің сығылуы, көкірек аралығының сау жаққа қарай ығысуы байқалады. Алғашқы көрсетілетін көмек: жабық пневмотораксы бар науқасқа - анальгетиктер, жүрек - қан тамыр дәрілері енгізіледі; науқасты ауруханаға жартылай отырған күйінде жеткізу керек. Стационарда жедел плевральді пункция жасалады, керек жағдайда операция орындалады. Ашық пневмоторакста тез арада окклюзионды таңғыш салынады. Ауруханада науқасты шок жағдайынан шығарғаннан кейін, ЖБХӨ жүргізіледі. Бұл кезде кеуде қабырғасының жарасын қабатына сай етіп, толық тігу керек. Қақпақты пневмоторакс кезінде плевра қуысындағы қысымды қалпына келтірмей, науқасты тасымалдауға болмайды. Шұғыл түрде плевральді пункцияны жасау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет