Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Жарақаттың орналасуына байланысты таңғыштардың түрлері



бет211/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Жарақаттың орналасуына байланысты таңғыштардың түрлері
1. Басқа салынатын таңғыштар .
а) Гиппократ қалпағы ( қайталамалы таңғыш ) .
б) Тақиялық таңғыш ( чепец ) .
в) Бір көзге арналған таңғыш .
г) Екі көзге арналған таңғыш .
2. Сүт безіне салынатын таңғыш .
3. Іш пен жамбас аймақтарына салынатын таңғыш .
4. Бұтаралыққа салынатын таңғыш .
2. Агония, агонияның алды. Клиникасы. Реанимациялық шаралардың жалпы принциптері.
Агония алдындагы жагдай – АҚ біртіндеп төмендеуімен, тахикардиямен, ауыспалы брадикардиямен, есінің және мидың электрлік белсенділігінің жоғала бастауымен, бағаналык рефлекстердің бұзылыстарымен сипатталады.
Агония – мидың жоғарғы бөлімдері толық жұмыстан шығып, кенеттен бульбарлық орталықтардың белсендірілуімен сипатталатын, өлімнің соңғы сатысы болып табылады. Ол уақытша болатын АҚ - ның көтерілуімен жүректің синустық ырғағының қалпына келуімен және бұлшықеттердің тырысып жиырылуынан, тыныс алу қозғалыстарының күшеюімен байқалады.
Клиникалық өлім тынысы ( апноэ ) және жүрек қызметі тоқтайды ( асистолия ), орталық нерв жүйесінің функциональді белсенділігі жоғалады, қарашықтары кеңейіп, жарыққа жауап қайтармайды. Бұл өмірден өлімге өту жағдайы, ол 3-5 минутқа созылады. Негізгі алмасу үрдістері күрт төмендейді, бірақ анаэробы гликолиз механизмінің арқасында толық жойылмайды. 5-6 минуттан кейін, ОНЖ - де қайтымсыз бұзылыстар дамып, клиникалық өлім биологиялық өлімге ауысады . Қайтымды жағдайдың уақыты мұздай суда батып ( суықтың қорғау әсері ), жүрегі тоқтаған адамдарда және жас балаларда ұзарады ( 12-15 минутқа дейін ). Жүректің тоқтауының ерте кезеңінде үш клиникалық белгі байқалады: қан айналымының тоқтауы ( ірі қан тамырларда тамыр соғуының анықталмауы – ұйқы, сан артерияларында ), есінің жоғалуы және тырысулар ( 10-20 секундтан кейін пайда болады ), апноэ тыныстың тоқтауы ( 15-30 секундтан кейін )

Реанимация – денені тірілтуге бағытталған үрдістердің кешені. Жоғары да айтылып кеткен асистолияның клиникалық белгілері байқалғанда, шұғыл түрде жасалуы тиіс.Бұндай жағдайда жүрек аускультациясы мен АҚ - ды өлшеу босқа уақыт өткізу болып табылады.Апноэ диагнозы визуальді қойылады – тыныс экскурсиясының болмауы.Қымбат уақытты мұндай жағдайда жоғалтпау керек – ауыз - мұрынға айна немесе жылтыр металл немесе жеңіл заттарды салу сияқты. Егер биологиялық өлімнің сыртқы белгілері айқын болса ( мәйіттік дак,бұлшықеттердің қатаюы ), реанимациялық көмек жүргізілмейді.Реанимация әдісі екі кезеңнен тұрады.Бірінші ( АВС ережесі ) ол ауруханалық жағдайдан тыс, медицина қызметкерлері болып табылмайтын, бірақ реанимация әдістерін білетін адамдар жүргізуіне болады. Екінші тек маманды дәрігер толықтырушы диагностикалық және терапевттік заттарды қолдану арқылы жүзеге асырады.


Бірінші кезең келесі шараларды орындауды талап етеді :
A ( air wау open ) – тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру.
B ( breathe for vісtum ) – жасанды тыныс алдыру.
С ( circulation his blood ) – жүректің массажы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет