Құрастырушы: аға оқытушы Кударова Н.А. Пән: Психология (Көшбасшылық) Тақырып: «Психологияға кіріспе» Павлодар, 2020 ж. Сабақтың жоспары: 1) Психика мен психология туралы жалпы ұғым
2) Психологияның салалары мен тармақтары
3) Психологияның ғылыми-зерттеу әдістері
Негізгі бөлім: Психика мен психология туралы жалпы ұғым
Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрініс беруі заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.
«Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болған: «psiche» - жан, және «logos» ғылым, ілім. Дәлме-дәл аударғанда, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психологияның негізгі ұғымдарын түсіну 3 категорияны біріктіреді:
Қорытынды Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалық деректермен толығуда.