Психология ғылымы.Міндеттері
1.Психология ғылымын зерттеу пәні.Міндеттері;
2.Теориялық және эмпирикалық;
3.Салалары.
1. “Психология” термині грек тілінен аударғанда psyche (жан) және logos (сөз, білім, ғылым), “жан туралы білім” немесе “жан туралы ғылым” дегенді білдіреді. Психология – бұл адамның ішкі дүниесі ретіндегі психика және адамның мінез-құлқын анықтайтын психологиялық себептер туралы білімдер.
Психология- психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады.
Психология ұғымының бірнеше мағыналары бар. Біріншіден, психология деп психика және оны танудың айрықша әдістері, фактілері, заңдылықтары мен механизмдері туралы ғылымды айтады. Екіншіден, “психология” сөзі адамға ғылыми-психологиялық ұсыныстар жасап, көмек көрсетумен нәтижеленетін жұмыстың практикалық тәсілдерін белгілеуде қолданылады. Мәселен, өзіндік басқару психологиясы, мінез-құлық психологиясы, қарым-қатынас және сөйлесу психологиясы, кәсіби іріктеу психологиясы, т.с.с. Бұл ұғымдармен психологияның “қолданбалы психология”, “практикалық психология”, “психопрактика” салалары байланысты. Үшіншіден, психология деп психикалық құбылыстар туралы ғылыми білімдерді айтады.
Психология объектісі және пәні. Психология адамның саналы және санадан тыс субъективті (жан дүниесінің) құбылыстарын, процестері мен жай-күйлері әлемін зерттейді.
Қазіргі психологияда психологиялық танымның объектісі адам психикасы, яғни көптеген субъективті құбылыстардан тұратын психологиялық процестер, қасиеттер мен жай-күйлерінің жиынтығы болып табылады. Олар: а) когнитивті (танымдық процестер): түйсіну, қабылдау, зейін, ес, қиял, ойлау және сөйлеу; Адам бұл процестер көмегімен қоршаған орта мен ішкі дүниесін таниды. ә) Адамның психикалық өмірінде эмоциялық құбылыстар маңызды рөл атқарады. Олар арқылы адам сыртқы және ішкі ортада өтетін заттар мен құбылыстарға өз қатынасын білдіреді. Эмоция – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы;
Олар көпшілігімізге өз тәжірбиемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауы, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауы- сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері Греция. “Психология” термині гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі- “псюхе” (жан), екіншісі- “логос”(сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөз “жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді.
2.Эмпириялық және теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир. деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің диалект.-материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл. логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның, типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып табылады.
3.Психология ғылымының салалары:
Психология салалары
Сипаттама
1
Еңбек психологиясы
Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .
2
Педагогикалық психология
Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары:
1. Оқыту;
2. тәрбие;
3. Ұстаз.
3
Медициналық психология
Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.
4
Инженерлік психология
Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор.
5
Жас ерекшелік психологиясы
Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары:
1. Балалар;
2. Жеткіншектер; 3. Жастар;
4. Ересектер (акмиология);
5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).
6
Арнаулы психология
Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары:
1. Олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адамдардың психологиясының зерттелуі;
2. Сурдопсихология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді;
3. Тифлопсихология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.
7
Салыстырмалы психология
Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
8
Әлеуметтік психология
Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.
9
Әскери психология
Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.