Болон декларациясы - Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында еуропалық елдердің білім министрлерінің қолы қойылған, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша қабылданған декларациясын айтамыз. Бұл құжат, Италяның Балонья қаласында қабылдануына байланысты, «Болон процесі» деген атауға ие болды. Болон процесі қазіргі таңда 40-тан астам мемлекеттің басын біріктіріп отыр. Соңғы он жыл ішінде еуропалық жоғары білімнің радикалды реформаларының дамуына ықпал етті: жоғары білім дәрежелерінің жүйесін жеңіл түсіну кіріспесі: бакалавр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің бірінші деңгейі үшін; магистр немесе ұқсас дәреже – жоғары білімнің екінші деңгейі үшін; ECTS жүйесі негізінде, академиялық кредиттердің бірдей жүйелерін қатысушы-елдерге енгізу; жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының және студенттердің академиялық жинақтылығын кең көлемде іске асыру; жоғарғы оқу орнының және жоғары білімнің және т.б.сапасын қамсыздандырудың ұлттық жүйелерін құру.
Біріншіден, Қазақстанның білім жүйесі Ресейлік білім жүйесінің бір бөлшегі ретінде қалыптасқан.
Екіншіден, Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы жақсы. Сыртқы экономикалық байланыстары да дұрыс жолға қойылған. Бұл байланыстардың негізінен жоғары білімді адамдар арқылы жүретіні мәлім. Сондықтан да,аталмыш жүйенің сырын жақсы білетін мамандардың қарым-қатынас жасауы жеңіл болады.
Үшіншіден, жаһандану кезеңінде оқшаулану қиын, әрі бұл қажет те емес. Оның әсері тимей қоймайды. Осы себепт аталған процеске қатысып, оның қабылданатын ортақ шешімдеріне белгілі бір дәрежеде ықпал ету тетіктерін ойластырған орынды.
Төртіншіден, Еуропа елдерінің ғылыми-техника саласында, білім беру жүйесінде көптеген артықшылықтарға ие екендігі талас тудырмайтын ақиқат. Бұндай озық тәжірибеден үйренудің қажеттігі мен тиімділігі қарсылық туғызбайды деп ойлаймыз. Сонымен бірге, Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан ғылыми зерттеулер жүргізу, оқыту бойынша озық дағдыларын, ғылыми және педагогикалық мектептерін, қалыптасқан дәстүрлерін Болон принциптерімен үйлестіре отырып жүргізуге болатынын атап айтқан жөн
Міне, Болон процесінің негізгі өлшемдері осылар. Сонымен бірге, бұл процесс жоғары оқу орындарының автономдылығын қуаттайды. Сонымен Болон процесінің негізгі мақсаты ортақ білім кеңістігін құру арқылы, Еуропа елдерінің ұлттық білім беру жүйесіне өз серіктес жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген ең үздік тәжірибелерді, озық ғылыми жаңалықтарды, дарынды студенттер мен білікті мамандарды тарту. Бұл студенттердің, оқытушылардың, басқарушы қызметкерлердің осы кеңістік аясында еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беру арқылы іске асырылады. Соның нәтижесінде біртұтас Еуропа әлемдік «білім нарығында» тартымдылыққа, басымдыққа ие болады.