Шайқалудың орташа түрінде науқас есінен танып, жерге құлайды. Ол 5 минуттан екі сағатқа дейін созылуы мүмкін. Есіне келген соң, науқасешнәрсені есіне түсіре алмайды (ретроградты амнезия), есеңгіреп тұрады, әңгімелесу қиын; басының қатты ауыруына, құлақ шуына, лоқсуға шағымданады. Психомоторлы қозу байқалуы мүмкін. 4-5 күннен кейін жағдайы жақсарады, бірақ орнынан тұрса, шағымдары қайталанады. Сондықтан, мұндай науқастарда төсектік тәртіп 2-3 аптаға созылады.
Ми шайқалуының ауыр түрінде науқас бірден ес-түссіз жағдайға душар болады. Есінің жоғалуы 4 сағаттан 3 тәулікке дейін созылады. Беті бозарған, суық термен қапталған, акроцианоз анықталады, ауыру сезіміне реакция болмайды, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа әлсіз жауап береді, аяқ- қолдың бұлшықеттері менсфинктерлердіңтонусытөмендеген, кіші жәнеүлкен дәреті еріксіз бөлінуі мүмкін. Тынысы жиілеген, тахикардия байқалады. Есіне келгенде, есеңгіреп тұрады. Науқас тынымсыз, қай жерде жатқанын түсінбейді және уақытты сезбейді. Психикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Науқасты көпке дейін басының ауыруы, басының айналуы, нистагм, көздің көруінің төмендеуі, заттардың екіге бөлініп көрінуі мазалайды. Ми шайқалуының ауыр түрінің ағымы қолайсыз болады. Бассүйегінің ішіндегі қысымның жоғарылауының, гипертермияның, жүрек немесе тыныс жетіспеушілігінің салдарынан науқас өлуі мүмкін. Қолайлы жағдайда еңбекке жарамдылығы 2-4 аптадан кейін қалпына келеді. Науқастардың біразы мүгедек болып қалады. Алғашқы көмек: толық тыныштық, басына суық басу, ауыру сезімін жоятын дәрілерді енгізу. Наркотикалық заттарды енгізуге болмайды, себебі олар тыныс алу орталығын тежейді. Стационарлық ем кезінде: анальгетиктер, седативті заттар, транквилизаторлар, антигистаминді заттар, витаминдер, диуретиктер тағайындалады. Керек жағдайда спинальді пункция жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |