Билет №1 Жұлын жансыздандыру. Көрсетімдер және жасау әдістері. Асқынулар және оларды алдын алуы


Мидың қысылуы (crash - апат, авария)



бет59/248
Дата13.05.2022
өлшемі442,4 Kb.
#143087
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   248
Байланысты:
Áèëåò ¹1 Æ?ëûí æàíñûçäàíäûðó. Ê?ðñåò³ìäåð æ?íå æàñàó ?ä³ñòåð³. À

Мидың қысылуы (crash - апат, авария) деп ол бассүйегінің батыңқы сынықтарында, бассүйекішілік гематома ұлғайғанда, мидың ісінуімен қабаттасқан үлкен көлемді соғылуларда дамиды. Көбінесе бассүйекішілік гематомамен қысылады. Орналасуына қарай гематомалардың мынадай түрлерін ажыратамыз:

  • Эпидуральді

  • Субдуральді

  • Миішілік

  • Қарыншаішілік гематомалар.

Қан субарахноидальді кеңістікке құйылса, мидың қысылу лу белгілері болмайды. Мидың қысылу белгілері гематоманың белгілі бір бір көлемінде (50-80см3) ғана дамиды. Ми қысылуының дамуында төрт кезеңді ажыратамыз:
1 кезең - компенсирленген қысылу кезеңі. Клиникасында - ол жарық кезең болып табылады. Мидың қызметі өзгермеген. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, басыныңауыруына, ұйқышылдыққа, апатияғашағымданады.
2 кезең - венозды тоқырау кезеңі. Гематоманың көлемінің ұлғаюының нәтижесінде алғашқы клиникалық белгілер дамиды. Бассүйекішілік қысым жоғарылайды, мидың ісінуі үдей түседі. Науқас мазасызданады, есеңгірейді, кеңістіктік дезориентация байқалады, ошақтық симптомдар пайда болады.
3 кезең - гематоманың ұлғаюы үдей түседі, мидың қысылуы күшейіп, ол бассүйегінің негізіне ығыстырылады да, үлкен шүйде тесігіне батыңқырайды. Мидың анемиясы күшейеді. Науқастың жалпы жағдайы нашарлап, есі жоғалады, сөйтіп кома дамиды. Болжамы ауыр болады.
4 кезең - терминальді кезең. Ми сына тәрізді батады, тынысы мен жүрек қызметі бұзылады. АҚ төмендейді, тамыр соғуы әлсіз, жиі және ырғақсыз болады. Тынысы қалыпсыз, Чейн-Стокс тәріздес. Кома өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді, қуық пен тік ішек сфинктерлері босаңсиды. Қатты кеңейген көз қарашықтары жарыққа жауап бермейді. Болжамы сенімсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет